Қоғам

Полицей күдіктілердің Денис Тенді өлтіріп жатқанын көрген

© Sputnik / Тимур БатыршинДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Куәгер полицей неліктен бірден жедел жәрдем шақырып Денис Тенге алғашқы көмек көрсетпегенін түсіндірді

АЛМАТЫ, 10 қаңтар — Sputnik. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспектор Азамат Нұрпейісов Денис Теннің өлімі туралы сот процесінде басты куәгер болды.

Полиция - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің өлімі: полицейлер сотта куәгер болды
Оның айтуынша, сол күні қаланың орталық стадионында футбол матчы өтіп жатқан. Нұрпейісов өзінің әріптесімен бірге сол жерде сағат 16:00-де сапта тұруы керек болған.

"19 шілде күні біз Құрманғазы көшесінің бойымен батысқа қарай қозғалып бара жаттық. Абылай хан көшесінен өткен кезде жүгіріп бара жатқан сырт келбеті азиат үш жігітті көрдік. Арасында қара футболка киген біреуі Бәйсейітова көшесінің бойымен жаяу жүргіншілер жолына жетпей Toyota Camry көлігінің алдынан жүгіріп шығып, автомобильдің капотына құлады. Ақ футболка киген екіншісі жаттығу алаңына қарай жүгіріп, үшіншісі оны қуып жетпек болды", — деді Нұрпейісов.

Тергеу амалдары барысында автомобильдің алдынан Арман Құдайбергеновтің жүгіріп шыққаны белгілі болды.

"Әріптесім екеуіміз олар ойнап жүр екен деп ойладық. Көлікті тоқтатып, жігіттерге қарай жүгірдім. Сол жерде ақ футболкадағы жігіттің әрең тұрып, кейін құлағанын көрдім. Оның аяғынан қанның қалай тамшылап жатқанын байқадым. Кейін жанымызға адамдар келе бастады. Оларға жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсету керектігін айттым", — деп еске алды полицей қайғылы оқиға болған күнді.

Тағы оқыңыз:

Нұрпейісов әріптестеріне рация арқылы бағыттама беріп, қашып бара жатқандардың соңынан жүгіреді. Алайда олардың қай көшеге бұрылғанын көрмегендіктен, көз жазып қалады. Панфилов көшесіне жүгіріп шыққаннан кейін полицей жаяу жүргіншілерден жігіттер туралы сұрағанында тұрғындар олардың Назарбаев көшесіне қарай кеткенін айтқан.

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Спорт
Психоаналитиктер Денис Теннің әндері кімге арналғанын айтты
"Дабыл үні шыққан жаққа қарай жүгірдім. Көлікпен өтіп бара жатқан взвод командирі тоқтап, мені отырғызып алды. Бірге оқиға болған жерге бардық. Кейін Шевченко бойымен Назарбаев көшесіне қарай жүгірдім. Сол жерде жұмыскерлерден екі жігіт туралы сұрағанымда олар көрмегендерін айтты", — деп мәлімдеді Нұрпейісов.

Марқұм мәнерлеп сырғанаушының анасы Оксана Тен полицейдің сөзін тыңдағаннан кейін одан неге қансырап жатқан адамды көріп тұрып өзі жедел жәрдем шақырмағаны туралы сұрады.

Азамат Нұрпейісов жарақаты тым ауыр деп ойламағанын айтты.

"Мен үшін сол сәтте күдіктілердің басқа адамдарды жарақаттамауы маңызды болды", — деді полицей.

Сондай-ақ, Нұрпейісов дәл сол сәтте қалтасында ұялы телефонның болмағанын, әріптестеріне рация арқылы хабар бергенін айтты. 

Денис Теннің қазасы

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде 25 жасында көз жұмды. Көлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны ұрылар сан тұсынан пышақпен жарақаттады.

Тағы оқыңыз:

Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Ер адамдар тонап, кісі өлтіргені, ал әйел қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып отыр.

Сотта марқұм мәнерлеп сырғанаушының анасы Оксана Тен ұлының тапсырыспен өлтірілгеніне сенімді екенін айтты. Сондай-ақ, сотта оқиға болған жерге бірінші болып жеткен екі полицей куәгер болды.

Жаңалықтар
0