Қоғам

Қарағандыдағы төбелес: қашқын Армения азаматына қатысты тың ақпарат шықты

© Photo : pixabayПодавленный человек
Подавленный человек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық іздеу жарияланған Армения азаматы Ресейде туыстарының үйінде болған

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Қарағандыда мейрамхана жанындағы жаппай төбелес және кісі өлімі туралы іс бойынша күдікті полицияға өзі берілген. Нарек Гурурянның қалай ұсталғанын Арменияның Ресейдегі елшілігі айтып берді.

Халықаралық іздеу жарияланған Армения азаматы Ресейде туыстарының үйінде болған.  

"Гурурян кешке Омбы қаласының құқық қорғау органдарына өзі келді", — деп Sputnik Армения елшіліктің түсініктемесінен үзінді келтірген.

Еске сала кетсек, бүкіл елді шулатқан оқиға 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні таңғы төрттер шамасында Қарағандыдағы "Древний Рим" мейрамханасында болды.

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қарағандыдағы төбелестен кейін қашып кеткен күдікті – Армения азаматы

Мейрамханаға Жаңа жылды қарсы алуға келгендер мен персонал арасында жанжал шығып, соңы жаппай төбелеске ұласқан. Салдарынан төрт адам пышақ жарақатын алды, бір жас жігіт көз жұмды. 

Полиция бұзақылық әрекеттері үшін және 23 жастағы жігіттің өліміне күдікті ретінде 8 адамды ұстап, қамады. Күдіктілердің бірі Армения азаматы Нарек Гурурянға халықаралық іздеу жарияланды. Ол 1 қаңтар күні кешкі 22.00-ден кейін Павлодар облысындағы бекет арқылы Ресей аумағына өтіп кеткен. 

7 қаңтар күні 21 жастағы күдікті желіде бейнеүндеу жариялады. Онда Гурурян Қазақстан билігіне берілуге дайын екенін мәлімдеп, адам өліміне қатысы барын жоққа шығарды.


Жаңалықтар
0