Өңірлер

"Балам үшін кек алдым" Оқушының анасы мұғалімді аяусыз ұрғаны үшін сотталып жатыр

© AFP 2024 / Sergei SupinskyКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға бір жыл өткеннен кейін ғана сотта қаралып жатыр, мұғалім жұмыстан кетуге мәжбүр болған

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Алматы облысында баласының мұғалімін соққыға жыққан әйелге қатысты сот басталды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Бүкіл ұстаздар қауымының наразылығын тудырған жанжал былтыр қыста Кенен Әзірбаев атындағы № 15 мектепте болған екен. Ызаға булыққан ана сабаққа кедергі келтірген ұлына ескерту жасаған ұстазды ұрып-соққан. Күдікті әйелдің ісі сотқа енді ғана жетіп отыр.

"Біріншіден, балам үшін кек алдым. Сен осы мектепте істемейсің дедім бе, жұмыс істемейсің! Біз оп-оңай ұра саламыз, уайымдамаңыз!", — деп мектепті басына көтерген әйелдің сөздері бақылау камерасына түсіп қалыпты.

Оқиға салдарынан мұғалімнің миы шайқалып, 25 күн ауруханада, екі ай үйінде емделген. Тіпті адуынды әйелдің қылығынан қорқып, жұмыстан кетуге мәжбүр болады.

Оқушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Отыз жастағы ер адам 20 жыл бұрын ұрып-соққан ұстазынан өш алды – видео

"Аудиограмма түсірілімі бойынша сол жақ құлағымның естімеушілігі 65%, оң жақ құлағымдікі 25% болды. Екінші дәрежелі құлақ мүкістігі пайда болған деді", – деп ұстаз жанжалдың зардабы туралы сотта айтып берді.

Үш сағатқа созылған сотта сөз сөйлеген ұстаздың әріптестері болған оқиғаны бүге-шігесіне дейін баяндады. 12 жыл биология пәнінен сабақ берген мұғалімді ұрып-соққан әйел кешірім сұраудың орнына, қозғалған істі тоқтатуға тырысқан екен.

Келесі сот отырысы 15 қаңтарда өтеді: мектеп директоры, мектеп инспекторы және анықтаушы үш адам куәгер болмақ.

Ал сотталушы БАҚ сұрақтарына жауап беруден бас тартып, сот ғимаратынан тез кетіп қалды.

Жаңалықтар
0