Оқиға

Маңғыстауда кеуде тұсын жарақаттап алған ер адам бір ажалдан қалды

© Sputnik / Тимур БатыршинОперация
Операция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шегуші абайсызда өзін атып тастаған

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Маңғыстау облысында қарудан оқ атып, жүрегі мен өкпесін жарақаттап алған ер адамға бірнеше сағат бойы ота жасалды.   

Оқыс оқиға 9 қаңтар күні түске қарай болған, деп жазды lada.kz порталы.

Ағашқа шеге қағылып тұр - Sputnik Қазақстан
Әлем
Абайсызда басына шеге қағып алған ер адам тірі қалды

Шетпе ауылының медициналық мекемесіне жеткізілген ер адам дереу операцияға жіберілді. Аурухананың төрт маманы оның өмірін құтқарып қалуға барын салды.   

"Ота сәтті өтті, дәрігерлер зардап шегушінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланғанына қарамастан, беті бері қарағанын айтты", — деп хабарлады Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Қазіргі таңда оқиға орнында облыстық полиция департаментінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 

Криминалистер мен тергеушілер оқиға орны мен оқ атылған қаруды қарап шығып, куәгерлердің бар-жоғын анықтайды. Содан кейін ғана полицейлер шын мәнінде не болғанын айтып, тиісті шара қолдана алады. 

 


Жаңалықтар
0