Қоғам

Арменияның үкімет басшысы Қарағандыдағы қанды оқиға туралы пікір білдірді

© AFP 2024 / LUDOVIC MARINФлаг Армении, архивное фото
Флаг Армении, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Армения СІМ басшылары да оқиғаны талқылап, арандатуға жол бермеуге шақырды

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян Қарағандыда қаза тапқан жігіттің отбасына көңіл айтып, оқиғаға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қаза тапқан жігіттің туыстарына көңіл айтамын және оқиғаның ұлтаралық сипаты болуы мүмкін емес екенін атап өтемін. Жанжалдасқан тараптар моноэтникалық болмаған", — деп мәлімдеді Никол Пашинян.

Ол армян БАҚ өкілдерінен ақпаратты мұқият тексеруді өтініп, үндеу жасады.

Шаварш Кочарян - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қарағандыдағы қанды оқиға: Армения сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Болған оқиғаны Армения мен Қазақстанның СІМ басшылары да талқылаған. Кеше сыртқы істер министрлері Зограб Мнацаканян мен Бейбіт Атамқұлов телефонмен сөйлесіп, екі тарап та жанжалға ұлтаралық сипат беруге болмайтынын айтты. Бұл туралы Армения сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлаған.

"Сыртқы саясат ведомствосы басшылары бұл оқиғаның нәзік мәселе екенін атап өтіп, деректердің әдейі бұрмаланып жатқанын айтты, сонымен қатар бұл жайттың әрі қарай шиеленісуін болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігін талқылады", — делінген хабарламада. 

1 қаңтарға қараған түні Қарағандының мейрамханаларының бірінде 23 жастағы ер адам қаза тауып, тағы үш жігіт жарақат алған. Аталған іс бойынша 7 адам ұсталды, бесеуі қамауға алынған, тағы біреуін полиция іздеп жатыр.

Жексенбі күні өңір әкімі Ерлан Қошанов марқұмның туыстары және қала тұрғындарымен кездесіп, тергеудің айқын әрі ашық өтетініне уәде берді.

Жаңалықтар
0