АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин жылап тұрған қызды жұбату үшін кідірді.
Ресей басшысының кішкентай қызды қалай жұбатып тұрғаны туралы видеоны президент пулының журналисі Дмитрий Смирнов жариялады. Қыз бала президентпен суретке түсіп үлгермегені үшін жылап қалады. Осы кезде Путин оны жұбату үшін көліктен шығады.
"Сен неге жылап тұрсың?", - деп Путин қызды құшақтап, онымен бірге суретке түседі. Қыздың анасы президентке мұндай қамқорлығы үшін алғыс айтты.
«Чего ты заплакала?»: Путин вышел из машины и вернулся, чтобы сфотографироваться с девочкой, расплакавшейся от того, что не успела сделать с ним фото pic.twitter.com/r8QsXpZI1V
— Дмитрий Смирнов (@dimsmirnov175) 7 января 2019 г.
Ресей президенті Рождествоны өзінің туған қаласы Санкт-Петербургте қарсы алып, Петропавл қамалына барды. Мемлекет басшысы қаланы аралап жүрген кезде тұрғындар онымен бірге суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.