Қоғам

"Мы братва, банда" Атышулы видеоны таратқан полицей қайта жұмысқа тұра ала ма?

© Sputnik / Тимур БатыршинПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңажылдық құттықтаудан кейін қызметінен қуылған Қарағанды академиясының қызметкері ішкі істер органдарына орала алмайды

АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов атышулы видеодан кейін құқық қорғау органдарынан қуылған полицейге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды тілшісі. 

Бұған дейін желіде Қарағанды академиясы бірінші курс басшысының орынбасары А.Тастайбековтің Жаңа жылмен қылмыс әлеміндегі жаргонмен құттықтап жатқаны жайлы видео тараған еді. Желіні шулатқан видеодан кейін қызметкер ішкі істер органдарынан қуылды.

Полицей - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жаңа жылмен құттықтаймын деп басы бәлеге қалған полицей жұмыстан қуылды

Сүлейменов полиция қатарынан кеткен қызметкердің оқытушы болмағанын атап өтті.

"Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тергеу жүргізді. Нәтижесінде курс басшысының орынбасары ішкі істер органдарынан қуылды. Болашақта ол ішкі істер органдарына жұмысқа тұра алмайды", — деді министрдің бірінші орынбасары ОКҚ-де өткен брифингте. 

Бұған қоса, оның айтуынша, аталған курстың басшысы мен академия басшысының міндетін атқарушы да қызметінен босатылған. 

"Ал академияның жаңа басшысы Жаңа жылдан кейін тағайындалды. Бірақ академия басшысы, полиция генерал-майоры Жан Табылдинұлы Кенжетаевтың жұмыстан босатылуы бұл іспен байланысты емес. Өйткені ол желтоқсан айының басында жасының келуіне байланысты қызметінен босату туралы рапорт берді. Сондықтан бұл жерде жай ғана сәйкестік болып отыр", — деді Сүлейменов.

Жаңалықтар
0