АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Малайзия королі Мұхаммед V тақтан түсті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Король басшылар конференциясына хат жолдап, бұл туралы бәріне ескертті", — делінген шенеунік таратқан хабарламады.
Бұрынғы король басшылар конференциясына, сондай-ақ, премьер мен үкіметке алғыс айтқан. Басылымның хабарлауынша, Мұхаммед V өзінің туған штаты Келантанға қайтуға мәжбүр.
2018 жылдың қараша айында Мәскеу түбіндегі Барвихада монарх "Мәскеу аруы — 2015" байқауының жеңімпазы Оксана Воеводинаға үйленді. Тойда ішімдік болмады, ал дастарханға тек халал тағамдар қойылды. Қалыңдық жұрт алдына орыс ұлтына тән, ал бұрынғы король Малайзияның ұлттық киімін киіп шықты. Сондай-ақ, бір жылға жуық уақыт корольдің қалыңдығына қонаққа барып тұрғаны белгілі болды.
Тағы оқыңыз: Астанада сексендегі қария мен елу бестегі әйел үйленді
Мұхамед V осының алдында бір рет үйленген. Бірінші әйелімен ажырасқанына он жылға жуық уақыт болды. Алғашқы некесінен балалары жоқ.