Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 қаңтар

© Sputnik / Владислав Воднев8 қаңтар
8 қаңтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 8-ші күн. Жыл соңына дейін 357 күн бар

8 қаңтарда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

8 қаңтарда әлемде қандай қызықты оқиға болды:  

Бүгін Грекияда Гинайкратия – Грек әйелдер фестивалі аталып өтеді. Көптеген әлем елі сияқты Грекияның да әйелдерге арналған өз мерекесі бар. Көптеген елде әйелдер күні сегізінші наурызда, ал Грекияда сегізінші қаңтарда өтеді және бұл мереке Гинайкратия деп аталады. Егер бұл грек мерекесінің шығу тарихына үңілсек, онда қарапайым әйелдер мерекесі ғана емес, біршама басқа мәнге ие екенін білеміз. 

Ерекше мәні бар бұл күні әйелдер мен ерлер отбасылық міндеттері мен құқықтарын алмасады. Әйелдер отбасылық қамқорлықтан босатылып, қалауынша өз мерекесін тойлайды. Әдемі ханымдар әдетте бұл күні дәмханада немесе басқа ойын-сауық мекемесінде демалады, ал күнделікті өмірде онда тек ер адамдар ғана бара алады. Ал ер адамдар бұл уақытта балаларға қарап, үй жұмыстарын істейді. Қазіргі таңда бұл мереке фестивальге қарағанда дәстүрге көбірек ұқсайды.

Сондай-ақ бүгін – Компьютерлік терім күні. Бұл мереке алғаш рет 2011 жылы Малайзияда аталып өтті, мәтінді жылдам теру конкурсының құрметіне құрылды. Мереке құру туралы бастаманы Team TAC (Type Auto Corrector) көтерді, бұл –  қатені автоматты түрде түзетуге арналған SecondKey бағдарламасын әзірлеген жас мамандардың тобы. Компьютерлік терім күнінің міндеті – жазбаша қарым-қатынас арқылы өз болмысыңды көрсету және осы байланыс түрінің жылдамдығын, дәлдігін және тиімділігін танымал ету. 

Тағы бір мереке – Солтүстік Мариана аралдарындағы Достастық күні. Бұл мереке аралдардың АҚШ-пен еркін қауымдастырылған, инкорпорацияланбаған ұйымдастырылмаған аумақ мәртебесін алуы құрметіне арналған. Бұған дейін арал АҚШ-тың қамқорлығындағы аумақ деп есептелді. Қазіргі уақытта бұл әкімшілік субъектінің өз ресми туы және әнұраны, өз астанасы бар, дегенмен Америка Құрама Штаттарының президенті ресми президент саналды, ал аралдарды іс жүзіне губернатор басқарады. 

8 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар:  

1851 жылы Жердің өз өсінен айналатынына физикалық дәлел алынды;

1861 жылы " Вокруг Света" журналының алғашқы нөмірі жарық көрді;

1957 жылы Бобби Фишер 14 жасында шахматтан АҚШ чемпионы атанды;

2010 жылы Сальвадор астанасында жарты ғасырлық үзілістен кейін Куба елшілігі ашылды. 

8 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:  

1963 жылы Қазақстан Кинематографистер одағының бірінші құрылтай съезі өтті. Онда одақтың бірінші хатшысы болып Шәкен Айманов сайланды.

1992 жылы Жезқазған қаласында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров атындағы Оқушылар сарайы салтанатты түрде ашылды;

2014 жылы Ақтауда алғаш рет Алматы қаласының жеке коллекцияларынан техно-роботтардың көрмесі ашылды. 

8 қаңтарда дүниеге келген танымал тұлғалар:  

1910 жылы кеңестік балет әртісі, балетмейстер және педагог Галина Уланова дүниеге келді. КСРО халық әртісі (1951). Отандық балет тарихындағы ең атақты балерина. 20-шы ғасырдың ұлы балериналарының бірі;

1912 жылы орыс кеңес ақыны және аудармашы, әдебиет сыншысы Ярослав Смеляков дүниеге келді. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1967);

1920 жылы британдық актер, Шерлок Холмс рөлін орындаушы Дуглас Уилмер дүниеге келді;

1935 жылы америкалық әнші және актер, XX ғасырдағы танымал музыканың ең коммерциялық табысты орындаушыларының бірі Элвис Пресли дүниеге келді. Америкада Преслиді "рок-н-рол королі" деп атады. 

8 қаңтарда Қазақстанда кім дүниеге келді:  

 1940 жылы аудармашы, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының құрметті азаматы Жарылқасын Нұсқабайұлы дүниеге келді;

1943 жылы композитор, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты Жолан Дәстенов дүниеге келді;

1966 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, вице-адмирал Жандарбек Жанұзақов дүниеге келді;

1969 жылы Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Бозымбаев дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Бүгін едәуір ақылды және сақ болу керек, бейтаныс адамдардың жағымсыз қылықтарына көз жұма қараңыз және өзіңізге қастық ойлағандарды кешіре салыңыз, бұл сізге тек сәттілік әкеледі.


Жаңалықтар
0