АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тағы Висконсин университетінің туу көрсеткіші бойынша маманы И Фусянь мен Пекин университетінің экономисі Су Цзян Қытай денсаулық сақтау және бала туу бойынша мемлекеттік комитетінің мәліметтері негізінде зерттеу жүргізген. Нәтижесінде өткен жылы Қытай халқының саны 1,27 миллион адамға қысқарғаны белгілі болды.
И Фусянь алдағы уақытта да халық санының қысқара беруі мүмкін екенін айтады. Себебі жыл сайын ата-аналар шығынның көптігін ескеріп, балалы болмауды жөн көреді.
Ұлттық статистика бюросы ай соңына дейін халық саны туралы жаңа ақпарат береді. Олардың мәліметі бойынша, 2017 жылы Аспан асты елінің азаматтарының саны 1,4 миллиард болған. Мемлекетте "Бір отбасыда — бір бала" демаграфиялық саясаты 1979-2016 жылдар аралығында жүргізілді.