Өңірлер

"Жақындама, әйтпесе секіремін" Семейде студент қала тұрғынын аман алып қалды

CC0 / rebcenter-moscow / Суицид жасағалы тұрған адам
Суицид жасағалы тұрған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Семейде көпірден секіріп кетпек болған қала тұрғынын университет студенті ұстап қалды

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Семей қаласында жаңа жылдан кейін Жаңа көпірден секірмек болған азаматты қала тұрғыны аман алып қалды.

 Сағат түнгі ондар шамасында қала тұрғындары полицияға белгісіз азаматтың көпірден секірмек болып тұрғанын хабарлаған. Жақын маңдағы экипаж аталған мекен-жайға жеткенде, көпір шетінде тұрған азаматпен әлдебір жас жігіттің сөйлесіп тұрғанын көреді. (Кейінірек ол тұрғынның аты – Оразалы екені анықталған). 

Шатырда тұрған адам - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада жас жігіт жоғары қабаттан секіріп кетті: өлер алдында хат жазып қалдырған

Тәртіп сақшылары әңгімеге араласып, ақымақтық жасауға шақ қалған жігітке қол ұшын созбақ болады. Алайда секіруге өзінше бел шешіп алған жігіт олармен сөйлескісі келмейтінін айтып, "жақындамаңдар, әйтпесе секіремін" деп қорқытқан. Бірақ Оразалымен сөйлесе береді. Көпір шетіндегі азаматқа мейілінше жақындай түскен Оразалы шап беріп қолынан ұстап үлгерген екен. Осы сәтте қарап тұрған полиция қызметкерлері де келіп, көптеп-көмектеп жүріп аман алып қалған, деп хабарлады Алтайньюс.

Қала тұрғыны неліктен мұндай әрекетке барғанын түсіндіруден бас тартты. Ал бейбіт күннің батыры атанған Оразалы Семейдегі медициналық университеттің студенті екен. 

ШҚО полиция департаменті Оразалыны сый-сияпатпен мадақтау жағын қарастырып жатыр.

 

Жаңалықтар
0