Өңірлер

Полиция капитаны сыбайластарымен бірге 30 киікті қырып тастады

© Sputnik / Вячеслав Бобков / Фотобанкке өтуКиік
Киік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қарағанды облысында полицейдің сарайынан он екі киіктің денесі табылды

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. "Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны қызметкерлері киіктерді заңсыз аулау дерегін анықтады, аңшылықты ұйымдастырды деген күдікке Қарағанды облысы аудандық полиция бөлімдерінің бірінің полиция капитаны ілінген.

Қарағанды облысы Нұра ауданында браконьерлік жасалғаны туралы 25 желтоқсанда белгілі болды, деп жазады Ауыл шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook желісінде.

Аумақтағы патруль кезінде "Жанбөбек" шағын ауылынан бірнеше километр жерде табиғатты қорғау инспекторлары екі Toyota Land Cruiser көлігін байқайды. Екеуі де жүруге жарамсыз екен: біреуінің сол жақ алдыңғы дөңгелегі алынып тасталған.

Киіктер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Батыс Қазақстанда заңсыз киік аулаған шекарашы ұсталды

Көліктердің қайдан келе жатқанын білу үшін инспекторлар ізге түсіп, даладан 18 атылған киіктің денесін тауып алады. 

Браконьерлердің бірін іздеп табуға Шұбаркөл ауылдық округінің учаскелік инспекторы көмектесті. Ауылда не болып жатқанын түгел білетін тұрғындардың арқасында табиғатты қорғаушылар Алғабас ауылына жетіп, сол жерде учаскелік инспектор қызметін атқарушы полиция капитаны М. Бралиновтың сарайынан тағы 12 киіктің денесін тапқан.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр. Заңсыз аңшылыққа тағы кімдердің қатысқаны анықталады.

Жаңалықтар
0