Оқиға

Ресейде үйінді астында қаза тапқандардың саны 33 адамға жетті

© Пресс-служба МЧС России / Медиабанкке өтуРесей ТЖМ қызметкерлері
Ресей ТЖМ қызметкерлері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Кеше құтқарушылар әйел мен оның екі баласының денесін шығарды

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Соңғы мәлімет бойынша Магнитогорск қаласында көп қабатты үйдегі жарылыстан 33 адам көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости Ресей Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Магнитогорск қаласында тұрғын үйде жарылыс болды - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев тұрғын үйдегі трагедияға байланысты Путинге көңіл айтты

Үйінді астынан соңғы рет шығарылған ер адам қайтыс болды. Кеше құтқарушылар әйел мен оның екі баласының денесін тапты. 

Магнитогорскідегі трагедия 31 желтоқсан күні таңертең болды. Газдың жарылуынан он қабатты тұрғын үйдің кіреберісі құлады. Өлгендер арасында алты бала бар.

Бұған дейін тірі қалған 11 айлық Ваня Фокин үйінді астынан шығарылды. Ол кереуетте құндақтаулы болғандықтан 22 градус аязда екі күн бойы жатып аман қалған. Бала ауыр халде Мәскеуге жөнелтілді. Баланың анасы мен ағасы аман қалды, әкесі апат кезінде жұмыста болған. 


Жаңалықтар
0