Қоғам

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: аман қалған актрисаның жағдайы белгілі болды

© Sputnik / Табылды КадырбековАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Айзада Сатыбалдиеваның жағдайы тұрақты бірақ ауыр

АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева әлі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Полицей - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыдағы актриса көз жұмған жол апаты: жүргізуші мас болған
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Айзада Сатыбалдиеваның апат орнынан қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына өте ауыр хәлде жеткізілгенін хабарлады. 

"Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты бірақ ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі таңда интенсивті терапия бойынша шаралар жүргізілуде", — деп мәлімдеді баспасөз қызметінен. 

Еске сала кетсек, 29 желтоқсан күні Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза болды. Көз жұмғандардың арасында театр және кино әртісі Шолпан Елгезекова бар. Ал тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева жол апатынан аман қалған. 

Куәгерлердің айтуынша, Gelandewagen көлігі "қызылға" өтіп кетіп, актрисалар отырған көлікпен соқтығысқан.

Жаңалықтар
0