Әлем

Қызметіне кіріскеніне бір жарым сағат болған шенеунікті өлтіріп кетті

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мексика кісі өлтіру бойынша әлемде екінші орында тұр

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Мексикада мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан муниципалитеттің мэрін ант қабылдағанына бір жарым сағат болғанда өлтіріп кетті, деп хабарлайды ТАСС.

Алехандро Апарисиоға шабуыл кезінде тағы екі адам жарақат алды. Оахаки штатының бас прокурорының хабарлауынша, шабуыл жасаған күдікті қолға түсті.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы мемлекет кісі өлтіру бойынша әлемде екінші орын алды: 23 мың адам көз жұмды. Бірінші орында 2011 жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатқан Сирия тұр. Мексикада билік ұйымдасқан қылмыспен күрес жариялағалы шамамен 200 мың азамат көз жұмды және тағы 30 мың адам із-түссіз жоғалып кетті.

Жаңалықтар
0