Қоғам

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап жалақы мен зейнетақы көбейді

© Sputnik / Владислав ВодневАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі зейнетақы 52 145 теңгені құрайды

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру", "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді, олар 2019 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Халық табысын арттыру

Біріншіден, Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасымен бүгіннен бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері 1,5 есеге өседі, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Жаңа жылдан бастап ЕТЖ 42 500 теңгені құрайды. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35% өседі.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Зейнетақы, жәрдемақы және жалақы өседі - Назарбаев тапсырма берді
ҚР ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, ЕТЖ өсірудің нәтижесінде 6 миллионнан астам жалдамалы жұмыскердің иемденетін табысы салықтан босатылатын кіріс көлемінің ұлғаюы есебінен жылына 15 мың теңгеге дейін өседі.

"ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне халықты жұмыспен қамту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңы аясында қабылданған барлық түзетулер алдымен әрбір қазақстандықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Бұдан өзге денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Елбасы тапсырмасы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) қызметкерлерін ынталандыру үшін бүгіннен бастап ауруларды басқарудың жаңа тәсілдерін енгізуші учаскелік медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 20% кезең-кезеңімен ұлғайтылады. Осы жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрігерлердің қызметтеріне тарифтерді кезең-кезеңімен көбейту арқылы жалпы практика дәрігерлеріне, бейінді мамандарға істелген жұмысына сай ақы төленетін болады.

Әлеуметтік қолдау шараларын күшейту

Мемлекет басшысы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Қазақстан халқына жолдауында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде еңбек өтілі мен өтемақы мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейтуді тапсырды.

Аталған тапсырманы іске асыру аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа редакцияда "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" ҚР заңының жобасын әзірледі.

Өзгерістер, ең алдымен, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру және басқа да параметрлерді өзгерту арқылы еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу секілді әлеуметтік сын-тегеуріндердің үш түрі орын алған жағдайда азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.

Тағы оқыңыз:

Осылайша, биылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылған жағдайда барлық жәрдемақы алушы үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшері республикалық бюджеттен ұқсас төлемдерді индекстеу деңгейіне сәйкес 5% арттырылды. Бұл еңбекке қабілетінен айырылғанына байланысты 88,3 мыңға жуық әлеуметтік жәрдемақы алушыға және асыраушысынан айырылған 50,1 мың әлеуметтік жәрдемақы алушыға қатысты.

Сонымен, еңбекке қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 15,9 мың теңгеден 16,6 мың теңгеге дейін, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 20,6 мың теңгеден 21,7 мың теңгеге дейін өсті.

Бұған қоса, заң жобасында әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ұзақ уақыттан бері қатысушы азаматтар үшін әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу үшін қолданылатын коэффициент әр жылға 2% артады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін еңбекке қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер мөлшерлерін еңбекке қабілетінен айырылудың орташаландырылған коэффициенттеріне қарап емес, еңбекке қабілетінен айырылудың нақты белгіленген дәрежесіне қарай анықтау ұсынылған (яғни, әлеуметтік төлемдер дербестендіріледі).

Амандық Баталов - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Амандық Баталов: бюджеттік қызметкерлердің жалақысы 35%-ке өседі
Асыраушысынан айырылған отбасыларға асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер мөлшерлерін анықтау үшін қолданылатын асырауындағы адамдар санының коэффициенттерін арттыру ұсынылады. Жұмысынан айырылған адамдарға жұмыстан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдер мөлшерлері анықталған кезде табысты алмастыру коэффициентін 30%-тен 40%-ке дейін арттыру, сондай-ақ аталған әлеуметтік төлем ұзақтығын 4 айдан 6 айға дейін ұлғайту ұсынылады. Жалпы, ұсынылып отырған өзгерістер еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу жағдайларында әлеуметтік төлемдер мөлшерлерінің орта есеппен 30% өсуін бағамдайды.

Ынтымақты зейнетақы мөлшерін арттыру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, бүгіннен бастап ынтымақты зейнетақы 7%, базалық зейнетақы 5% өсті. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі ынтымақты зейнетақы — 36 108 теңгені, ең төменгі базалық зейнетақы — 16 037 теңгені құрайды.

Осылайша, міндетті зейнетақы аударымдарын енгізгенге дейін зейнеткерлік демалысқа шыққан ерлер мен әйелдер үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі зейнетақы 52 145 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% тең БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері де өзгерді. 2019 жылы БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері — 16 037 теңгені құрайды.

Ең төменгі ынтымақты, базалық және жинақтауыш компоненттерді қосқанда, 68 182 теңгеге тең зейнетақы төлемдерінің ең төменгі жиынтық мөлшері шығады. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан төлем алуға құқығы бар азаматтар осындай ең төменгі зейнетақы ала бастады.

Фрилансерлер — еңбек қатынастарының қатысушылары ретінде

Бұдан өзге ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "фрилансерлердің" — азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша қызмет көрсететін немесе жұмыс істейтін жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мәселесі бойынша өзгерістер енгізді.

Тағы оқыңыз:

Түзетулер "фрилансерлердің" міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған. Айта кету керек, аталған түзетулер осы санаттағы жұмыс істейтін азаматтардың, депутаттық корпус өкілдерінің және жекелеген жұмыс түрлеріне "фрилансерлерді" қызметке тартатын бірқатар заңды тұлғаның көпшілігінің пікірін ескеретінін айта кеткен жөн.

Қабылданған заңнамалық түзетулерді іске асыру аясында 2019 жылдың бірінші тоқсанында тиісті ережелерге өзгерістер енгізіледі. Осылайша, аталған ережелерге өзгерістер енгізілген сәттен бастап, фрилансерлер азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) келісімшарттар бойынша табыстарынан міндетті зейнетақы жарналарын төлеу міндеттерінен босатылады.

Азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуына қатысты кезекті түзету — міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) жаңа салымшылары үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу рәсімін жеңілдету болып табылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтады - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев Қазақстанда жалақы 4 есе артқанын мәлімдеді
Егер әрекет етіп тұрған заңнамаға сәйкес БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын ашу үшін жеке тұлғалар МЗЖ есебінен ЖЗШ ашу туралы өтініммен БЖЗҚ бөлімшесіне жүгінуі қажет болса, онда жаңа тетік бойынша БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты жаңа салымшылар үшін БЖЗҚ-ға бірінші түскен жарна негізінде автоматты түрде ашылады.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын өтінімсіз ашудың бұл тетігі 2019 жылдың бірінші тоқсанында қабылдануы тиісті бірыңғай жинақтауыш зейнетақы қорының зейнетақы ережелеріне өзгерістер енгізілген сәттен бастап іске қосылады. Сонымен қатар, міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшыны жеке тұлға ретінде куәландыратын құжаттың реквизиттері, тұрғылықты мекенжайы және т.б. туралы қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Президент жолдауына сәйкес, 2019 жылдан бастап жыл сайын кәсіпкерлердің басым жобаларын субсидиялауға қосымша 30 миллиард теңге бөлінеді. Отандық кәсіпорындарға халық тұтынатын тауарлардың көптеген түрін игеру ұсынылады, яғни, олар "қарапайым заттар экономикасын" дамытуы тиіс. Бұл тек экспорттық әлеуетті дамыту үшін емес, сондай-ақ ішкі нарықты отандық тауарлармен молықтыру үшін қажет.

Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушылары — салалық шектеулерсіз ауылдық жерлерде, шағын қалаларда және моноқалаларда өздерінің жеке әрі тиімді жобаларын жүзеге асырушы және соны жоспарлап жүрген кәсіпкерлер. Бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары — "Бизнестің жол картасы — 2020" бағдарламасы аясында, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында және ИИДМБ анықталған қызметтердің жекелеген түрлерінің аясында экономиканың басым секторларында өз жобаларын іске асырушы немесе соны жоспарлап жүрген индустриялық-инновациялық қызметтің тиімді кәсіпкерлері.

Тағы оқыңыз:

Жалпы, 2018 жылға "БЖК-2020" аясында қаржылық және қаржылық емес қолдауды іске асыруға 46 миллард теңге мөлшерінде қаражат бөлінген. 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2 276,6 миллиард теңге несиелердің жалпы сомасына 12 350 жоба субсидияланған, ал төленген субсидиялар сомасы 217,44 миллиард теңгені құрады, 170 миллиард теңге несиелердің жалпы сомасына 4 668-іне кепілдендірілді, ал берілген кепілдіктер сомасы 70 иллиард теңгені құрады, 4,6 миллиард теңге сомасына 2 050 жоба бойынша мемлекеттік гранттар берілді. Жетпей тұрған индустриялық инфрақұрылымды жүргізу үшін 122,5 миллиард теңге сомасына 809 жоба қаржыландырылды.

"БЖК-2020" маңызды бағыты — бизнесті жүргізу негіздерін оқыту және әлеуетті әрі жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу құралдарының жиынтығын қамтитын кәсіпкерлік әлеуетті күшейту. 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 173,9 мың жаңа және бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлер кәсіпкерік негіздеріне оқытылды.

"Салық амнистиясын" жүргізу кәсіпкерлікті дамытуға серпін береді. Оның аясында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша берешек өтелген жағдайда, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушілердің жеке шоттарында есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар есептен шығарылады.
Іс-шаралар бизнес ахуалды жақсарту мақсатында шағын және орта бизнес субъектілеріне амнистия жүргізуді қарастырады. Амнистия кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді тетігіне айналып, негізгі қарыздың төленуіне және салық ауыртпалығынан толықтай босауға ынталандыратын болады.

Монета - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ақышев газ құбырына зейнетақы қорынан бөлінетін ақшаға қатысты түсініктеме берді
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, амнистияға жататын салық төлеушілердің саны 90 077 құрайды. 210,7 миллиард теңге мөлшерінде негізгі қарызды төлеген жағдайда, жоғарыда аталған салық төлеушілердің 122,9 миллиард теңге көлемінде өсімпұлдары және 7,3 миллиард теңге сомасында айыппұлдары есептен шығарылады.

Бұдан өзге 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қабылдау шегі айыппұлдарды өсірумен 50 мың АЕК дейін ұлғайтылады.

Көлеңкелі экономиканы азайту

Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында үш жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40% қысқарту үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап көрсеткен.

Осыған орай, үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.

Жалпы алғанда, бизнесті "көлеңкеден" шығару амалдары "Салықтардың жиналуын арттыру" жобасы бойынша бастамаларды іске асыруды қоса алғанда, салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыруға және оларды интеграциялауға негізделген.

ҚР қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Іс-шаралар жоспары бизнесті ынталандыруға, шағын және орта бизнес субъектілерін "көлеңкеден" шығару жұмыстарын күшейтуге, қолма-қол ақшасыз айналымдар үлесін ұлғайтуға, салықтық-кеден саясатын, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Тағы оқыңыз:

Қабылданып жатқан шаралар көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге, бюджетке салықтардың түсімін ұлғайтуға мүмкіндік береді және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.

Жаңалықтар
0