Оқиға

Алматы облысында ішінде төрт көлік тұрған станция өртенді

© Photo : КЧС МВД РКӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі өңірдің өрт сөндірушілері қызыл жалынды екі сағат бойы ауыздықтады

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Алматы мен Алматы облысының өрт сөндірушілері сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні техникалық қызмет көрсету станциясында шыққан өртті сөндірді.

Автобус - Sputnik Қазақстан
Әлем
Бір аптада екінші рет: адамдар отырған автобус өртеніп кетті

"Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылында өрт шыққаны туралы хабар 1 қаңтар күні сағат 23-те келіп түсті. Ішінде төрт автомобиль тұрған екіқабатты техникалық қызмет көрсету станциясы жанып кетті", — деді төтенше жағдайлар комитетіндегілер.

Қызыл жалын екі сағатқа жуық уақытта ауыздықталды.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынның жанындағы ғимараттарға өтуіне мүмкіндік бермеді. Көз жұмғандар мен зиян шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайға Алматы облысының 22 өрт сөндірушісі мен 6 көлігі, сондай-ақ, Алматы төтенше жағдайлар департаментінің екі бірлік техникасы мен алты өрт сөндірушісі жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0