Әлем

Белгілі әртіс президент сайлауына қатысуға бел буды

© Sputnik / Стрингер / Фотобанкке өтуУкраина туы
Украина туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Украинада белгілі әртіс Владимир Зеленский 2019 жылы наурызда өтетін президент сайлауына қатыспақ

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Украиналық актер, продюсер және режиссер Владимир Зеленский жаңа жыл қарсаңында Украинаның президент сайлауына қатысатыны туралы мәлімдеді.

Шоумен мәлімдемесін Instagram желісінде жариялаған. Зеленский елдегі қалыптасқан жағдайды өз қолына алып, өзгертуге талпыныс жасау керектігін атап өтті. 

"Менен баяғыдан бері сұрап жүр: "Қатысасың ба? Қатыспайсың ба?" Біздің "ұлы" саясаткерлер сияқты құр уәде бергім келмейді, дәл қазір Жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда сіздерге уәде етемін де, бірден орындаймын. Қымбатты украиналықтар, Украинаның президент сайлауына қатысуға уәде беремін", - деп актер отандастарын келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. 

Зеленскийдің постын сегіз сағат ішінде 560 мың адам көріп, он бес мыңнан астам пікір қалдырған. Оқырмандарының көпшілігі әртіске қолау білдіріп, сәттілік тілеп жатыр.

Украинада президент сайлауы 2019 жылы 31 наурызда өтеді. Мемлекет басшысы жалпыхалықтық құпия дауыс беру арқылы бес жылға сайланбақ. Украинаның қазіргі президенті – Петр Порошенко.

Жаңалықтар
0