Әлем

Ата-анасы базарға өлсін деп тастап кеткен сәби табылды

© AFP 2024 / Dimitar DilkoffСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ата-анасы ренжісіп, баланы базарға тастап кеткен

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Бангкок тұрғындары кешкісін жабық базардан көрпеге ораулы баланы тауып алады. Ата-анасы ұрсысып, баланы тастап кеткен көрінеді, деп хабарлайды Daily Mail.

Бала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада қатты аязда сәби сырт киімсіз далаға шығып, жоғалып кетті

Бангкок аудандарының бірінің тұрғындары полицияға айтқандай, кешкі он бір кезінде базардан баланың жылаған дауысы шығыпты. Барып қараса, дүкендердің бірінен сәби жатыр екен. Саудагерлер ол кезде тарап кеткен болатын, сондықтан жылағанға дейін ешкім байқамаған.

Бір қызығы, баласын тастап кеткен адамдар соңғы рет "қамқорлық" танытыпты. Сәбиді көрпеге орап, қасына бөтелке, жөргегі және басқа да заттары салынған сөмкелерді қалдырған. 

Оқиға куәгерлері айтқандай, сол күні құшағында сәбиі бар жұп қатты ұрсысқан көрінеді. Ерлі-зайыпты ренжісіп, баладан құтылуды жөн көрген сияқты.

Қазір сәби ауруханада, денсаулығы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жақын арада жауапсыз ата-анасы табылмаса, балалар үйіне береді.

Жаңалықтар
0