Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 қаңтар

© Sputnik / Владислав Воднев2 қаңтар - күнтізбе
2 қаңтар - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 2-ші күн. Жыл соңына дейін 363 күн бар.

2 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз. 

2 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды 

Бүгін әлемде Тұтқын күні аталып өтеді. Бұл күн тағдырдың жазуымен темір торға тоғытылған жандарға арналады. Адамдар дәл осы күні түрмеде отырғандар үшін дұға оқып, тұмар жасау керек деп сенеді. Таңертең ерте ғибадатханаға барып, кішкентай шам сатып алып, оны жақпас бұрын, дұға оқиды. Сөйтіп оны жанып тұрған шамдардың қасына қояды. Бұған қоса, тоғыз рет иіледі. 

Швейцария халқы бүгін Әулие Бертольд күнін мерекелейді. Бұл мереке ел астанасы Берннің негізі қаланғанына орай аталып өтеді. Қаланың негізі кезінде Бургундияны билеген герцог Бертольд Церингерскийдің бұйрығымен 1191 жылы қаланды. Қаланың орны ретінде Ааре өзенінің жағалауы таңдалды. Айта кетерлігі, осы өзеннің арқасында герцог иеліктерінің батыс шекарасының қорғанысы қамтамасыз етілді. Герцогтың шешімімен жаңа қала билеуші атып алған бірінші аңның атымен аталды. Ел астанасының бағы бар десе де болады, себебі герцог сарышұнақ немесе елікті атып алса, қала да солай аталуы мүмкін еді. Алайда тағдырдың қалауымен садақ оғы аюға тиді. Осылайша қала Берн деп аталды, немістің  "ber" сөзінен шыққан. Көп ұзамай елтаңбада аюдың суреті пайда болып, жұрт жергілікті тұрғындарды епсіз аюмен салыстыратын болды. 

Сондай-ақ, бүгін жұмсақ жастықтар күні. Жаңа жастық тысын сатып алып, төсек-орынның сәнін келтіріңіз.

2 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1910 жылы Мәскеуде ұшатын авиамодельдердің алғашқы жарысы өтті; 

1916 жылы Орыс ботаникалық қоғамының негізі қаланды;

1947 жылы Сахалин облысы құрылды; 

1959 жылы "Ай-1" алғашқы кеңестік планетаралық станциясы іске қосылды. 

2 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1992 жылы Қазақстанның инженерлік академиясы құрылды. Президенті болып академик Ө.Жолдасбеков сайланды. 

1992 жылы Норвегия корольдігі Қазақстан Рспубликасының тәуелсіздігін мойындады; 

1992 жылы Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болды;

2011 жылы Атырау облысының Құлсары қаласында металл бұйымдарын шығаратын зауыт іске қосылды.

2 қаңтарда әлемде туған танымал тұлғалар 

1896 жылы кеңестік кинорежиссер, деректі киноның негізін қалағандардың және теоретиктердің бірі Дзига Вертов дүниеге келді. Оның "Киноаппараты бар адам" туындысы BFI кино рейтингіне сәйкес, үздік деректі фильм болып таңдалды; 

1920 жылы америкалық фантаст жазушы, ғылымды дәріптеуші, биохимик Айзек Азимов өмірге келді; 

1921 жылы кеңестік театр және кино әртісі Евгения Ханаева туды. КСРО халық әртісі (1987) (фильмдері: "По семейный обстоятельствам", "Москва слезам не верит", "Старый Новый год");

1937 жылы кеңестік және ресейлік әдебиеттанушы, тарихшы, филология ғылымдарының докторы, сыншы, жазушы, мемуаршы, қоғам қайраткері Мариэтта Чудакова дүниеге келді. 

2 қаңтарда Қазақстанда кімдер туды 

1899 жылы театр және кино актері, әнші-домбырашы, ұлттық кәсіби театрдың негізін қалағандардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Елубай Өмірзақов өмірге келді; 

1936 жылы фантаст жазушы, драматург, публицист-документалист, аудармашы, Халықаралық ақпарат академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Медеу Сәрсекеев дүниеге келді; 

1939 жылы композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Мансұр Сағатов туды;

1951 жылы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сұлушаш Нұрмағамбетова дүниеге келді;

1954 жылы Қазақстанның саяси қайраткері Аслан Мусин өмірге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Мінәжат етуге жақсы күн. Бүгін барлық айтылған сөзге құлақ асыңыз – шеше алмай жүрген мәселенің шешімі аяқ астынан табылып қалуы мүмкін. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданып, жаяу жүруге тырысыңыз, бұл денсаулығыңызға пайдалы.

Жаңалықтар
0