Қоғам

"Саяси және діни алауыздық" Астролог 2019 жыл Қазақстан үшін қандай болатынын айтты

© Sputnik / Владислав Водневжаңа жыл
жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маманның пікірінше, келесі жылы қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұр, бірақ олардың бәрі жақсы бола бермейді

АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. Ит жылының тарих қойнауына аттанып, 2019 жылдың табалдырықтан аттауына санаулы сағаттар қалды. Доңыз жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр? Бұл туралы тілшісіне астролог Ирина Абдраимова айтып берді. 

Маманның айтуынша, келесі жылы елде экономика және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері өткір болады – құрғақшылық болып, астық шықпай қалуы мүмкін. Доңыз жылы инвестиция тарту бойынша жаңа халықаралық келісімдерге қол қоюдан басталады. 

"Үкіметте, саяси элитада келіспеушілік болуы мүмкін, саяси және діни алауыздық болып, іште жатқан қарама-қайшылықтар сыртқа шығуы ықтимал. Ақпан, шілде және қарашада жаппай наразылықтар, діни фанатизм және қоғамда текетірестер болып, саяси қайраткерлер өз тартысының негізі ретінде дінді алуы мүмкін. Кейбір елдермен қарым-қатынасымыз нашарлайды", — дейді астролог.

Дипломатиялық деңгейде көп жұмыс істеп, шетелдік серіктестермен арадағы қарым-қатынаста ел мүддесін қорғау керек болады. 

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап не өзгереді - инфографика - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан не өзгереді?
Сондай-ақ, астрологтың болжауынша, 2019 жыл заңнамалық жұмыста дағдарыстар мен жанжалдар күтіп тұр.  

"Экономиканы тұрақтандыру бойынша жұмыс жасалады, бірақ ол қысқа мерзімді нәтиже ғана береді, одан кейін жаңа экономикалық дағдарыс, үкіметте ауыс-түйістер, экономикалық дағдарысқа байланысты құлдырау болады", — дейді ол. 

Екінші жағынан, доңыз жылы демократияның нығаюына ықпал етеді, бірақ ол саяси өзгерістер мен реформаларға байланысты.  

Халықтың психологиялық жағдайы тұрақсыз болады, бұл денсаулық сақтау мәселелеріне әсер етеді. 

Маманның айтуынша, барлауға қатысты күш құрылымдарының жұмысы көбейеді. Жаппай эпидемиялар мен улану болуы мүмкін. 

"Ел мен атқарушы биліктің алдында өзекті міндеттер тұрады. Бұл шектеу енгізу немесе бақылауы күшейту түрінде көрініс табуы мүмкін. Ақпан, шілде, қарашада күтпеген бетбұрыстар мен соққылар, апаттар, табиғи апаттар, ұшақтардың құлауы болжанады", — деді Абдраимова.

Жаңа көшбасшылар, жаңа көзқарастағы ұрпақ шығуы мүмкін. Тек бизнесмендер ғана емес, дербестікке ұмтылған белсенді жастар көшбасшылыққа таласады. 

Сотттар, ішкі істер министрлігі мен биліктің басқа органдарында "тазалау" болуы ықтимал. 

Көлік - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
2019 жылдан бастап көлікті сақтандыру тәртібі қалай өзгереді?
"Жылдың тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін оңай болмайтынын түсіну маңызды. Тұрақтылықты сақтап, арандатушылыққа бой бермеу керек", — дейді сарапшы. 

Оның айтуынша, келесі жыл аэроғарыш өнеркәсібі, цифрландыру, көлік саласын дамыту үшін қолайлы болады. 

Бала туу және тұрғын үй алуға қосымша жеңілдіктер беру мәселелері заңнамалық негізде қарастырылады. Көп балалы отбасылар мен оларға қосымша жеңілдіктер беру мәселесі талқылануы мүмкін. 

"Үкімет заңнамалық органдар, заң және заңнамалық жүйе мәселелері бойынша жаңа басқарушылық институттар мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін түзетулер енгізуі мүмкін", — дейді астролог. 

Амнистия болуы мүмкін, денсаулық сақтау және әлеуметті саланы жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер енгізілуі ықтимал.

Жаңалықтар
0