Қоғам

Қазақстанда бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушы қайтыс болды

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуҚазақстанда бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушы қайтыс болды
Қазақстанда бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушы қайтыс болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желтоқсанда Қазақстанның еңбегі сіңген спортшысы Александр Драч 79 жасқа толған еді

АЛМАТЫ, 30 желтоқсан — Sputnik. Бүгін Ақтауда 80 жасқа қараған шағында бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушы Александр Драч жүрек ұстамасынан қайтыс болды. 

Шәкіттері өзара "Сан Саныч" деп атайтын Александр Драч 14 желтоқсанда 79 жасқа толған еді, деп хабарлайды Tumba.kz.

Драч 1971 жылдан бастап қазақстандық боксшыларды жаттықтырған. Оның тәрбиеленушілері республикалық және халықаралық дәрежедегі түрлі жарыстарда жүлделі орындар алып, чемпион атанды. 

Александр Драч тек бокспен ғана шектелмеді. Ол баскетболды қатты жақсы көрген. Оның құрметіне талай мәрте споттық турнирлер өткізілді. 

Елге еңбегі сіңген бапкермен қоштасу рәсімі 2 қаңтарда сағат 12-де "Маяк" спорт кешенінде өтеді. 

Жаңалықтар
0