Қоғам

Президент Денис Теннің өлімін тергеуге қатысты: халық полиция мен сотқа наразы

© Sputnik / Тимур БатыршинДенис Теннің қазасы
Денис Теннің қазасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы халықты полицейлерге қолдау білдіруге шақырды

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Батыста полиция академиялары 5-6 ай ғана оқытады. Ал Қазақстанда полицейлерді 5 жыл дайындаса да, еш пайда жоқ. Сол себепті жуырда елімізде де жарты жыл оқытатын академиялар ашылады.  Бұл туралы президент жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің қазасы: сотта жәбірленуші тарап спортшының тапсырыспен өлтірілгенін айтты

"Сауалнама жүргізіп, халықтың құқық қорғау органдарына наразылығы барын анықтадық. Бұл сауалнаманы жақсы жауап алу үшін емес, қоғамда не болып жатқанын білу үшін жүргіздік. Әсіресе, осы сауалнамаларда біздің спортшы Денис Тенге қатысты жағдай туралы көп айтылған екен. Өкінішке орай, күн сайын 10-15 адам көз жұмады. Дениспен болған жағдай халық арасында резонанс тудырды. Қазір қылмыс жасағандарға қатысты сот өтіп жатыр. Жалпы, бұл жағдайдан тыс та халықтың полиция мен сот органдарына наразылығы бар. Сол себепті осыларды бақылауға алдым. Полициямен бірге маңызды жұмыстар жүргізуіміз керек", — деді Назарбаев. 

Мұнымен қатар, Елбасы полицияның жағымды образ қалыптастыратын уақыты келгенін айтты. Бұл үшін шенеуніктерді қысқартып, үнемделген ақшаны полицейлердің жалақысын көтеру үшін жұмсамақ. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев шетелде полицейлерді оқытудағы артықшылықтарға тоқталды. 

"Батыста полиция академиясында жарты жыл ғана оқытады. Ал бізде бес жыл оқытса да, бұдан пайда жоқ. Алдағы уақытта бізде де – 5-6 ай оқытып, атақ беретін академиялар ашылады. Әрі қарай полицейлер жұмыс істеуге кетеді. Көптеген заң саласында оқып жүрген студенттерді осы академияларға тартуға болатын еді", — деді Елбасы. 

Бұдан өзге мемлекет басшысы академияда оқитындардың жоғары жалақымен және үймен қамтылатынын айтып өтті. Биыл қылмыскерлермен күресте 779 полицейдің көз жұмғанын еске алып, халықты полицейлерге қолдау білдіруге шақырды.

Жаңалықтар
0