Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 желтоқсан

© Sputnik28 желтоқсан - күнтізбе
28 желтоқсан - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 362-ші күн, жыл соңына дейін 3 күн қалды

28 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

28 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін  — Халықаралық кино күні. Статистикаға сүйенсек, әрбір адам бірнеше күннің ішінде кемінде бір фильм көреді, ал жарты ғасырда 18 мыңға жуық кинотуындыны тамашалайды, ал бұл 27 мың сағатқа тең. 1895 жылдың 28 желтоқсаны тарихқа енді, бұл күні Париждегі "Гранд-кафеде" ағайынды Люмьерлердің арқасында "Пошта пойызының келуі" деген алғашқы кинокартина көрерменге жол тартты. 

Испанияда бүгін аңқаулардың күні аталып өтеді. Бұл күні қорықпай туған-туысқандарыңды, достарыңды алдап, таныс адамдарыңмен әзілдесуге болады. Бұл мерекенің классикалық әзілдері бар, мәселен, қағаздан қиып алынған адамның "мониготе" (испанша monigote — құбыжық) мүсінін біреудің арқасына жапсырып қояды. Бұдан бөлек, испаниялық жігіттер ыдыстағы қанттың орнына тұз салады, сағаттың тілін кейінге шегеріп қояды немесе бүкіл отбасы жұмысқа кешігіп қалуы үшін оятқышты сөндіріп тастайды. Испания тұрғындары, сондай-ақ, қарызға ақша алғанды ұнатады, себебі бұл күні алған берешекті қайтармауға болады деп есептеледі. 

28 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1869 жылы сағыз патенттелді;

1895 жылы Парижде тұңғыш кинокөрсетілім өтті;

2014 жылы Яван теңізінде Indonesia AirAsia әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы апатқа ұшырап, 162 адам қаза тапты. 

28 желтоқстанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1934 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры ашылды. Бүгінде Павлодар облыстық музыкалық-драма театрына Жүсіпбек Аймауытовтың есімі берілген;

1972 жылы "Медеу" мұз айдыны пайдалануға берілді; 

1992 жылы Алматыда Пәкістан елшілігі ашылды;  

2000 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан Даму банкі құрылды; 

2010 жылы "Назарбаев университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектебі" және "Назарбаев қорының" мәртебесі туралы" заң қабылданды; 

2011 жылы қазақстандықтарды жүз пайызын цифрлық теле-радио хабарларымен қамтамасыз етуді көздейтін "Теле-радио хабарларын тарату туралы" заң қабылданды.

28 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1954 жылы америкалық актер және кинорежиссер Дензел Вашингтон дүниеге келді;

1965 жылы финдік музыкант, "Stratovarius" негізін қалаушылардың бірі Джон Виерве дүниеге келді;

1978 жылы америкалық әнші, тоғыз рет "Грэмми" сыйлығын алған Джон Ледженд дүниеге келді; 

1981 жылы америкалық актриса, дизайнер, модель Сиенна Миллер дүниеге келді. 

28 желтоқсанда Қазақстанда кім туды

1968 жылы белгілі қазақстандық хоккейші, қысқы Олимпида ойындары мен әлем чемпионаттарының қатысушысы  Александр Корешков дүниеге келді; 

1982 жылы қазақстандық волейболшы қыз, Қазақстан құрамасының және "Жетісу" волейбол командасының ойыншысы Ольга Наседкина дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Бүгін денсаулығыңызға көңіл бөлгеніңіз жөн. Күні бойы әлсіздік сезініп, жұмысқа құлшынысыңыз болмауы мүмкін. Сондықтан массаж немесе SPA-салонға барып, өзіңізге демалыс ұйымдастырыңыз. 

Жаңалықтар
0