Қоғам

Қазақстандықтарды 2019 жылы қандай өзгерістер күтіп тұр?

© Photo : https://almaty2017.comҚазақстан
Қазақстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұялы байланыс, салықтар, бағалар, зейнетақы, жалақы – 2019 жылы Қазақстанда қандай өзгерістер болатынын Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Жаңа жылдан бастап жаңа өмір бастау – барлығымыздың арманымыз. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнамадағы өзгерістерге байланысты қазақстандықтар жаңа өмірге қадам басады. Оның ішінде ең маңызды, ең өзекті өзгерістерді Sputnik Қазақстан назарларыңызға ұсынады.

Ұялы байланыс

Ұялы телефоныңызды тіркеуді ұмытпаңыз

Туған-туыс, жақын-жуығыңызды келген жаңа жылмен құттықтай алмай қалмас үшін, ұялы телефоныңызды тіркеді ұмытпаңыз. Ол үшін мобильді құрылғының IMEI нөмірін өзіңіздің ЖСН нөміріңізге бекітуге тиіссіз. Әзірге мұны тегін жүзеге асыруға болады: байланыс операторына ЖСН нөміріңізді SMS арқылы жіберсеңіз жеткілікті.

Салықтар, тарифтер, жалақы мен зейнетақы

Фрилансерлерге жаңа салық – Бірыңғай жиынтық төлем

Қазақстандықтарға қызмет көрсететін азаматтар жаңа жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасауға міндетті.

Көлік құжаттары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Салықшылардың қателігі: Астаналық қыз 223 көліктің "иесі" екенін білді

БЖТ төлеушілерге кіріс салығы мен әлеуметтік төлемдер бойынша ең төменгі мөлшерлеме бекітілген: елорда, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1 АЕК және басқа елді мекен тұрғындары үшін 0,5 АЕК.

Бірыңғай жиынтық төлемнің 10%-ы жеке кіріс салығына, 20%-ы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, 30%-ы зейнетақы төлеміне, 40%-ы міндетті медициналық сақтандыру қорына жұмсалады.

БЖТ төлеушілер жұмысшы жалдамайды, жұмысты өздері орындап, жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Басқа фрилансерлер жеке кәсіпкерлік ашып немесе заңды тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасасуы тиіс. 2018 жылы олар үшін міндетті зейнетақы аударымы енгізілді.

Жалақы аз болса, кіріс салығы төмендейді

Президенттің тапсырмасымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы 25 АЕК-тен (63 125 теңге) төмен азаматтар үшін жеке кіріс салығы 10 есе төмендетіледі.

Бизнесмендерге салық амнистиясы

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап президенттің тапсырмасымен Қазақстанда салық амнистиясы жүргізіледі.

Амнистия 340 миллиард теңге қарызы бар 90 мың кәсіпкерді қамтиды.

2018 жылдың 1 қазанындағы ахуал бойынша негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген жағдайда мемлекет бизнесменнің бүкіл өсімақы мен айыппұлын жоюға міндеттелді.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, ведомство 130 миллиард теңгені шығыстауды жоспарлап отыр: 123 миллиард теңге – өсімақы, 7,3 миллиард теңге – айыппұл.

Әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 59 жасқа дейін ұлғаяды.

Ер азаматтар зейнетке 63 жасында шығады. Бірнеше жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес әйелдердің зейнет жасы кезең-кезеңімен ұлғаятын болады. Өзгерістер 1960-1964 жылдары туған әйелдерге қатысты.

Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Жаңа жылдан бастап зейнетақы көлемі өзгереді. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі көлемі — 16 037 теңге;

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Зейнетақы, жәрдемақы және жалақы өседі - Назарбаев тапсырма берді

Ең төменгі зейнетақы көлемі — 36 108 теңге;

Ең төменгі жалақы жаңа жылдан бастап күнкөріс минимумына қатысты 1,5 есе көтеріліп, 42 500 теңге болады.

Президенттің қазандағы жолдауына сәйкес, жаңа жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақының жаңа көлемі белгіленіп, бұдан былай күнкөріс минимумынан 1,5 есе көп болады.

Базалық әлеуметтік төлем көлемдерін есептеуге үшін күнкөріс минимумының шамасы — 29 698 теңге.

Жәрдемақы мен әлеуметтік төлемақылар, айыппұлдар, салықтар мен басқа да төлемдерді есептеуге арналған айлық есептік көрсеткіш көлемі жаңа жылдан бастап 2 525 теңге.

Газ бен жарық тарифтерін төмендету және "қатыру"

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда энергетика саласы үшін жаңа тарифтік әдіснама енгізіледі, сөйтіп, электр жарығы мен тауарлық газ тарифтері төмендейді.

Құжаттар мен сақтандыру

Балалар үшін шетелдік төлқұжат міндетті

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 16 жасқа дейінгі балалардың шетелге шыққанда жеке төлқұжаты болуы міндетті.

Төлқұжат - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Латын әліпбиіндегі төлқұжат 2021 жылдан беріле бастайды

Әлемдік төлқұжат-визалық бақылау қауымдастығы талаптарының күшейтілуіне байланысты заңға өзгерістер енгізілді. Себебі – терроризм мен экстремизм қаупінің артуы.

Техникалық паспорттың жаңа үлгісі

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісі енгізіледі – кредиттік карта көлемімен бірдей, чипі бар, жүргізуші куәлігі мен жеке куәлікке ұқсайды.

Бірақ ескі техникалық паспортты тез арада ауыстырудың қажеті жоқ, себебі жаңа жылға дейін берілген құжаттар көлікті қайта тіркегенше күшін жоймайды.

Көлікті "қағаз жүзінде" сақтандыру жойылады

Қазақстанда жаңа жылдан бастап автокөлік иелері үшін онлайн сақтандыру енгізіледі. Сақтандыру құжатын өзіңмен алып жүру міндетті емес. Жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу туралы куәлік (техникалық паспорт) болса жеткілікті.

Дәстүрлі сақтандыруды электронды форматқа көшіру де техникалық паспорт сияқты біртіндеп жүргізіледі.

Еңбек кітапшалары электронды болады

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар біртіндеп электронды еңбек кітапшасын қолдана бастайды.

Мемлекеттік органдар реформалары

Ішкі істер министрлігі реформасы

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ІІМ реформасы басталады. Ол үшін "Ішкі істер органдарын модернизациялау жол картасы" әзірленген.

ІІМ реформасы үшін құрылған қауымдастықтың мүшесі топ мақсаты туралы айтты - Sputnik Қазақстан
Видео
Бәрі ІІМ реформасын қолдайды: халыққа қандай полиция керек?

Бірінші кезекте ІІМ-нің штат саны оңтайландырылады. Министр Қалмұханбет Қасымов атап өткендей, 450 полиция қызметкері жұмыстан шығарылады.

Қызметкерлен санының азаюы есебінен полицейлердің жалақысын арттырылып, олардың баспана және басқа әлеуметтік проблемалары шешілетін болады.

Полиция қызметкерінің жаңа стандарты бекітіліп, мансаптық жоғарылау жүйесі өзгереді, сонымен қатар полиция академиясы арқылы кадрлар дайындау және іріктеу тәртібіне өзгертулер енгізілмек.

ІІМ барлық қызметкері қайта аттестациядан өтеді. Үздіктері ғана қызметін жалғастыратын болады.

Халықпен жұмыс істеудің заманауи форматтары енгізіліп, полицияны бағалау критерийлері өзгереді.

Халық полицияның жаңа формасын талқылайды

Адамдардың құқық қорғау органдарына жүгінуі оңай болуы үшін полиция жұмысы сервистік үлгіге ауысады.

Қазақстанның барлық қаласы қоғамдық қауіпсіздікті бақылау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.

Бағалар

Темекі қымбаттайды

Жаңа жылдан бастап темекі қымбаттайды. Ең арзан темекінің 20 данадан тұратын бір қаптамасы 380 теңге болады. Бұл өзгеріс фильтрі бар, фильтрі жоқ темекілер, сондай-ақ папиростарға қатысты.

Атап өтсек, Қазақстанда темекі бағасы алты ай сайын 20 теңгеге көтеріліп келеді: 2017 жылы ең арзан темекі 320 теңге тұратын, кейін 340 теңге болды, ал 2018 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында қазақстандықтар бір қорап темекі үшін кемінде 360 теңге төлейді.

Жаңалықтар
0