Саясат

Порошенко Назарбаевқа Керчь бұғазындағы оқиға жөнінде мәлімдеді

© Пресс-служба президента Украины / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко. Архивтегі фото
Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан басшысы Украина дағдарысына қатысты тараптарды сындарлы диалог жүргізіп, келісімге келуге шақырды

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылап, биыл Қазақстан мен Украина арасындағы байланыстардың жандана түскенін атап өтті.

Ресей Керчь бұғазындағы жағдай бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Ресейдің Керчь бұғазындағы жағдай бойынша күн тәртібін қолдады

Екі ел көшбасшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты. 

Нұрсұлтан Назарбаев Украина дағдарысына қатысты тараптарды сындарлы диалог жүргізіп, келісімге келуге шақырды, сондай-ақ осы қақтығысты шешу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

Украина президенті Петр Порошенко Керчь бұғазы маңында болған оқиға жөнінде мәлімдеді. Осыған орай, Қазақстан президенті бұл мәселенің Украина мен Ресей тараптары арасындағы келіссөздер арқылы тезірек шешілуіне ниеттестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары алдағы уақытта да байланысты жалғастыра беру жөнінде уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.


Жаңалықтар
0