Әлем

Ғалымдар әжімге қарсы ем ойлап тапты

© pixabay / Sabine van ErpҚарт
Қарт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар теріні әжімнен сақтайтын жасуша майының бөліну процесін қалпына келтіру жолын анықтады

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. АҚШ-тың Калифорниялық медициналық университетінің ғалымдары терінің қартаю механизмін анықтады. Олар TGF-beta молекулаларының белсенділігін бәсеңдетіп, тері жасушаларының қызметін қалпына келтірді. Жұмыстың нәтижесі Immunity журналында жарияланған.

Әжей - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар адамның өлетін күнін маңдайындағы әжімге қарап анықтады

Терінің фибробласттары — біріктіруші ұлпаның жасушалары. Олар адам терісін инфекциялардан қорғап, әжімнен сақтайтын май бөліп шығарады.

Зерттеушілер анықтағандай, жаңа туған нәрестенің терісінде бұл фибробласттардың мөлшері өте көп болады. Алайда жас ұлғайған сайын олар азайып, инфекциядан қорғанысы әлсірей түседі екен. Ал бұған себеп TGF-beta деп аталатын нәруыз болып шықты, ол ересектердің фибробласттарына әсер етіп, май мен кателицидиннің бөлінуіне кедергі жасайды.

Ғалымдар тышқандардың фибробласттарындағы TGF-beta молекуласын баяулату арқылы тәжірибе жасап көреді. Сол кезде майдың түзілуі мен микробқа қарсы белсенділік қалпына келген.

Жаңалықтар
0