Әлем

Шекарашылар Хабиб Нурмагомедовті ИГ* содыры деп ойлап қалған

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуХабиб Нурмагомедов
Хабиб Нурмагомедов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік шекарашылар танымал спортшы мен оның досын ұстап, жауап алған

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен оның досын Мәскеудегі әуежайлардың бірінде әбден тексерген. Шекара қызметі оларды "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының содырлары деп қалып, ұстап жауап алған. 

Хабиб Нурмагомедов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Хабиб Нурмагомедов Макгрегормен қарымта жекпе-жектен бас тартты
Оқиға орнына келген шекарашылар Нурмагомедовтің танымалдылығына мән бермеген. Сондықтан спортшы мен оның досынан барлық ереже бойынша жауап алынды, деп хабарлайды sports.kz.

Ресейлік шекарашылар жауап алу және тексеру барысында күдікті ештеңе таппай, оларды босатады. Турцияға бара жатқан Нурмагомедов тексерушілердің бұл қылығына наразы болған. Ыңғайсыз жағдайға қарамастан бүкіл тексерістен кейін шекарашылар спортшы мен оның досымен естелік фотоға түскен. 

Айта кетсек, 6 қазанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Нурмагомедов Конор Макгрегорды жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атанды. 

*ИГ — ИГИЛ, "Ислам мемлекеті" — Қазақстан, Ресей және басқа да мемлекеттерде тыйым салынған террористік ұйым. 

Жаңалықтар
0