Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 желтоқсан

© Sputnik27 желтоқсан - күнтізбе
27 желтоқсан - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 361-ші күн, жыл соңына дейін 4 күн бар

27 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

27 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды

27 желтоқсанда Ресейде Құтқарушы күні аталып өтеді. Мыңдаған қызметкері бар салалық министрлік 1990 жылы құрылған, ал құтқарушылардың кәсіби мерекесі 1995 жылы бекітілген. 

27 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1932 жылы КСРО-да бірыңғай паспорт жүйесі енгізілді; 

1938 жылы Социалстік Еңбек Ері атағы және "Ерен еңбегі үшін" медалі бекітілді; 

1945 жылы Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық қайта құру және даму банкі құрылды. Аталмыш ұйымға Қазақстан 1992 жылы енді.

1968 жылы Қытай тұңғыш сутегі бомбасын сынақтан өткізді.

27 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

2005 жылы президент жарлығымен ҚР парламентінің 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль бекітілді.

2007 жылы Ақтөбеде КСРО халық әртісі, композитор Ғазиза Жұбанованың ескерткіші ашылды; 

2011 жылы ғаламшардың оңтүстік нүктесінде қазақстандық экспедицияның мүшелері орнатқан Қазақстанның Туы желбіреді. 

27 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1901 жылы неміс және америкалық актриса Марлен Дитрих дүниеге келді; 

1939 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері,  Ресейдің Халық әртісі Эммануил Виторган дүниеге келді,

1948 жылы француз актері Жерар Депардье дүниеге келді; 

1955 жылы ресейлік заңгер, саяси және қоғам қайраткері, жазушы, тележүргізуші  Михаил Барщевский дүниеге келді. 

27 желтоқсанда Қазақстанда кім туды

1903 жылы қазақ тілі ғылымының теориясын қалыптастырып, практикамен байланыстырған алғашқы тілші ғалымдардың бірі, филология ғылымының докторы, профессор Сәрсен Аманжолов дүниеге келді;

1910 жылы әдебиет сыншысы, жазушы, ғалым, филология ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхамеджан Қаратаев дүниеге келді; 

1913 жылы кеңес және қазақ актері, Қазақстанның халық әртісі Шахан Мусин дүниеге келді; 

1924 жылы ғалым-биохимик, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Зұлқарнай Сейітов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Сүйікті адамыңызбен араңызда түсінбеушілік туындауы мүмкін. Көңіліңіз қалып, тіпті ол көзіңізге шөп салу да ықтимал. Бірақ нөсер жаңбырдан кейін де күн шығатынын естен шығармаған абзал.

Жаңалықтар
0