Өңірлер

Оралда дене тәрбиесі сабағынан кейін оқушы көз жұмды

© Sputnik / Болат ШайхиновЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер баланың неден қаза болғаны сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болатынын хабарлады

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Оралда 10 жастағы оқушы көз жұмды. Баланың сыныптастарының айтуынша,  

дене тәрбиесі сабағы кезінде оның денсаулығы нашарлап кеткен.

бойжеткен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағандыда оқушы қыз жұмбақ жағдайда қаза болды

Трагедия 25 желтоқсан күні Асан елді мекеніндегі орта мектепте болды, деп хабарлады Уральская Неделя. 

Денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растады.

"Қоңырау сағат 17:52-де түсті, "жедел жәрдем" бес минуттан кейін келіп жетті. Баланың жағдайы өте ауыр болды, оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер барлық қажетті реанимациялық шараны қабылдады, өкінішке қарай, өмірін арашалап қала алмады", — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Дәрігерлер баланың қазасына не себеп болғанын хабарлаған жоқ. Басқарма баспасөз хатшысының айтуынша, ол сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.   

 

Жаңалықтар
0