Саясат

Қазақстанда жаңа министрлік құрылды. Оны кім басқарады?

© Sputnik / Болат ШайхиновПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеңіс Қасымбек жаңадан құрылған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігін қайта ұйымдастыруға қаулы шығарды. Оның орнына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылды. 

Елбасының жарлығымен жаңа министрлікті Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек басқаратын болды.

Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қайта ұйымдастырылған министрліктің функциялары мен өкілеттіктері бірнеше ведомствоға берілді. 

Ұлттық экономика министрлігі инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырумен, ал Сыртқы істер министрлігі инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырумен айналысады. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіруге жауапты болады.

"Мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленеді", — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Қазақстан басшысының жарлығымен үкіметке Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағына беруді; қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның тиісті штат санын беруді; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын  беруді қамтамасыз ету тапсырылды.  

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан президенті әкімшілігіне жүктелді.


Жаңалықтар
0