Өңірлер

"Аяздың беті қайтады". Алдағы күндерге ауа райы болжамы

© Sputnik / Александр Викулов / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы күндері қаһарына мінген аяздың беті қайтып, Жаңа жыл қарсаңында ауа райы жылынады

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. "Қазгидромет" метеоқызметі алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.

Көктайғақ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанға қатты аяз ала келген Сібір антициклоны республиканың басым бөлігінің ауа райына әсерін әлі де жоғалтпайды. Алдағы тәулікте, әсіресе түнде қатты аяз болады.

Алайда батыс облыстарға циклон және атмосфералық фронттармен бірге жылы әрі ылғалды ауа массалары келеді. Осы циклонның шығыс бағытта жылжуы салдарынан кей жерде қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан қатты жел тұрады, аяздың беті қайтып, температура біртіндеп жоғарылайды.

Ірі қалалардағы ауа райы

Gismeteo болжамы бойынша, 27 желтоқсанда Астанада ауа температурасы түнде және таңертең —28, —31 градус болса, күндіз және кешкі —22, —23 градус. 28-29 желтоқсанда ауа температурасы —14 градус болады.

Алматыда 27 желтоқсанда түнде және таңертең 7, 8 градус нөлден төмен, қар жауады, күндіз және кешке 4-6 градус суық. 28 желтоқсанда күндіз ауа температурасы минус 2 градус, ал 29 желтоқсанда 3 градусқа дейін нөлден жоғары болады.

Шымкентте 27 желтоқсанда ауа температурасы 9 градус жылы болады. Ал 28-29 желтоқсанда ауа температурасы 12 градусқа дейін жылынады.

Жаңалықтар
0