АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Бейбіт Атамқұлов сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылсын", — деп жазылған президенттің жарлығында.
Әр жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің және Иран Ислам Республикасындағы елшілігінің кеңесші-елшісі, Малайзия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Германиядағы Бас консулы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды.
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып 2016 жылы қазанда тағайындалған болатын.