АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Астанада қатты аязға байланысты қоғамдық көліктердің аялдамалары кезекші автобустармен жабдықталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты "Астана LRT" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ауа райының қолайсыздығына орай бүгін 25 желтоқсанда белгілі бір аялдама пунктерінің аудандары кезекші автобустармен жабдықталады. Бұл – өзіне қажетті бағдарды күтетін жолаушылар тоңып қалмас үшін қолға алынған шара", — делінген компанияның баспасөз хабарламасында.
Кезекші автобустармен жабдықталатын аялдамалардың тізімі төменде келтірілген.
Айта кетейік, Астанада аязға байланысты 7 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде колледждің екі студенті қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Жасөспірімдерді ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған.