Қоғам

Астанада қатты аязға байланысты жұмыс күні қысқаруы мүмкін

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуҚатты аяз
Қатты аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада бүгін ауа температурасы 30 градус аяз, сезілуі - минус 38 градус, ал желдің екпіні - 2 м/с

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті басшыларға жұмыс күнін қысқартуға кеңес берді. 

"Ауа температурасының күрт төмендеуі мен ауа райы қолайсыздығына байланысты қайғылы жайттардың алдын алу мақсатында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпорын нысандары, құрылыс нысандарына жұмыс күнін қысқартуға кеңес береді", — делінген хабарламада.

Қаланың өрт қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем, коммуналдық қызметтер бұл тізімге кірмейді.

аяз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада үсік шалған екі бала ауруханаға түсті

"Қазгидромет" мәліметі бойынша, 25 желтоқсанда ауа температурасы – 30 градыс, ал сезілуі —38 градус, желдің екпіні 2 м/с.

Естеріңізге сала кетсек, Астанада колледждің екі студентін ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалып, қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Жалпы аязға байланысты 7 адам медициналық көмекке жүгінген.

Кеше Астана қаласының Білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 25 желтоқсанда бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайтынын хабарлады.

Жаңалықтар
0