Өңірлер

Павлодар полициясы президент шыршасынан баланы неге алып кеткенін түсіндірді

© Sputnik / Виктор ТолочкоПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция мәліметіне сүйенсек, жаңажылдық ертеңгілікте бала өзін нашар сезінген екен

ПАВЛОДАР, 24 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде пайда болған видеода полиция қызметтік көлікпен баланы "Ертіс" қонақүйіне жеткізіп салады.

Видеоны түсірген адам тәртіп сақшылары балаларын қызметтік көлікпен тасып жүр деп наразылық білдірген.

Павлодар полициясы бұл пікірді мүлдем жоққа шығарды.

"Биыл 23 желтоқсанда "Президент шыршасына" келген балаларды тасымалдаған екі автобусты екі патруль алып жүрді. Орталық алаңда бас шырша қасында бір бала өзін нашар сезінген. Ұйымдастырушылар полиция қызметкерінен көмек сұрап, ол баланы "Ертіс" қонақүйіне жеткізіп тастады", - деп мәлімет берді облыстың полиция департаменті.

Қазір баланың жағдайы жақсы, басқа балалармен бірге жаңажылдық мерекеге қатысады, дейді полицейлер.

Жаңалықтар
0