АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Әділет министрі Марат Бекетаев жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді кешеуілдеткені үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау мәселесін қарауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілістегі үкімет сағатында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері қаралды. Әділет министрі Марат Бекетаев жылжымайтын мүлікті уақытында тіркемегені үшін қарастырылған әкімшілік жауапкершілікті алып тастау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл норма 2007 жылы салықтық әкімшілеу және халықты жылжымайтын мүлікке өз құқықтарын тіркеуге мәжбүрлеу мақсатында енгізілген.
"Мемлекет мүлікті заңдастыру бойынша екі акция өткізіп, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін оңтайландыру шараларын қолға алды. Нәтижесінде соңғы жылдары аталған құрам бойынша әкімшілік істер аз қозғалып жатқаны байқалады. Осыған байланысты жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау мәселесін қарауды ұсынамыз", — деді министр.
Бекетаев жылжылмайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімі 15 күннен 3 күнге дейін қысқарғанын атап өтті. Сондай-ақ құжаттар тізімі де азайған, мүлікті тіркеу үшін тек төлем туралы түбіртек пен құқық белгілеуші құжаттар ғана қажет.