АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Қазгидромет жексенбіге ауа райы болжамын ұсынды.
Түркістан облысының кей жерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, Жамбыл облысының кей жері мен Қызылорда өңірінде көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-27 м/с-ке дейін күшейеді. Ал өңірдің солтүстігінде қатты аяз болады.
Астанада түнде 23 градус аяз болады, күндіз термометр көрсеткіші минус 15 градусқа дейін төмендейді.
Алматыда ауа райы бұлтты, түнде 2 градус аяз болады, күндіз ауа температурасы +2 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте аздап қар жауады, түнде 2 градус аяз, күндіз +3 градус болады.