Спорт

Белгілі қазақстандық төреші қайтыс болды

© Sputnik / Рамиль СитдиковГүл, архивтегі сурет
Гүл, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Бүкілодақтық санаттағы төреші Рафаэль Ибрагимов 97 жасында дүниеден озды.   

Қазақстан футбол федерациясы футболды дамытуға елеулі үлес қосқан Ұлы Отан соғысының ардагері Рафаэль Ибрагимовты аза тұтуда.

гүл шоқтары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Белгілі жазушы Рахымжан Отарбаев дүниеден озды

"Рафаэль Якубовичтің есімі мәңгілікке жүрегімізде қалады", — деп жазды федерация.

Рафаэль Ибрагимов 1922 жылы тамызда дүниеге келген. Ол төрешілік қызметті соғыстан кейінгі жылдары бастады, Кеңес Одағы чемпионаттарының матчтарына, сондай-ақ халықаралық жарыстарға қазылық жасады. Сондай-ақ Ибрагимов Қазақ КСР-нің кинематография саласында жұмыс істеді.

Ол Prosports.kz сайтына берген сұхбатында 300-ден астам матчта төрешілік жасағанын, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясында ерікті негізде еңбек еткенін айтты. Ол өзінің сүйікті клубы ретінде алматылық "Қайратты" атады.      

Жаңалықтар
0