Қоғам

Дубайға демалуға барған қазақстандық ерлі-зайыпты қиындыққа тап болды

© Sputnik / Болат ШайхиновДубай
Дубай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отағасы Михаил Шиняев екі күннен кейін инсульт алып, қыруар қарызға батқан

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Шетелге демалуға барып, қиындыққа тап болған қазақстандық ерлі-зайыптыға отандастарымыз көмек көрсетті. 

Көптен күткен демалыстарын Лидия Сорокина мен Михаил Шиняев Дубайда өткізбек болып, сонда аттанады. Алайда, арада екі күн өтпей жатып Михаилдың жүрегі қысылып ауруханаға түскен, деп хабарлады "Хабар 24".

Қытай - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Вице-министр Қытайдың қазақтарды неге елге жібермей отырғанын айтты

Жергілікті дәрігерлер оның инсульт алғанын анықтап, дер кезінде көмекке келеді. Бірақ медициналық қызмет үшін ерлі-зайыпты қыруар қарызға батады. Сақтандыру компаниясы болса, шартты мерзімнің өтіп кеткенін алға тартып, төлем жасаудан бас тартады.

Жат жерде қиындыққа тап болған жұпқа сол елдегі отандастарымыз көмекке келген. Олар қажет қаражатты жинап, Лидия мен Михаилдың қарызын жабады. Бүгін ерлі-зайыпты елге жетеді.

"Сол жерде бізге көмек көрсететін арнайы топ құрылды. Олар он күннен бері көмектесіп жатыр. Қазақстандық жерлестермен бірге Беларусь, Украинадан келгендер де бізге көп қол ұшын созды. Ыстық ас-суға дейін ұйымдастырды. Олар болмаса, қайтер едік?!", — дейді Лидия Сорокина.


Жаңалықтар
0