Әлем

Стенин атындағы фотобайқауда жаңа аталым бойынша жеңімпаздар анықталады

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуВыставка работ победителей конкурса имени Стенина в Краснодаре
Выставка работ победителей конкурса имени Стенина в Краснодаре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жылы фотожурналистика әлемінде жаңа есімдер ашып келе жатқан байқаудың ұйымдастырылғанына бес жыл толды

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Әр жылдың 22 желтоқсанында "Россия сегодня" ХАА-нің фототілшісі Андрей Стениннің туған күніне орай, жас фотожурналистердің халықаралық байқауын ұйымдастыру дәстүрге айналды. Ал фотограф Андрей Стенин Украинаның оңтүстік-шығысында қаза тапқан болатын.

Байқау шарты бойынша, конкурсқа 18 бен 33 жас аралығындағы фоторепортерлердің жұмысы қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 28 ақпанына дейін жалғасты. Бүгінде бұл байқау халықаралық фотожурналистикада жаңа есімдерді ашуда. Әрі құжаттамалық фотосурет сапасының негіздерін қалыптастыратын Ресейдегі жалғыз алаң болып табылады. Жалпы, байқау мақсаты – жас фоторепортерлерді қолдай отырып, олардың үлкен фотосурет әлемінде жолын ашу.

 Абдель Салам (60 жаста) рохинджа лагерінде дәретхана ретінде пайдаланылуға қазылған шұңқырда - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Стенин атындағы конкурстың гран-приін рохинджа босқындарының өмірі туралы фото алды
2019 жылы байқаудың бес жылдығында қатысушылар бес номинация бойынша бақ сынады. Бұрынғы "Басты жаңалықтар", "Спорт", "Менің ғаламшарым", "Портрет" және "Біздің заманның батыры" номинациясына жаңадан "Шабыт" аталымы қосылды. Бұл номинация табиғат көріністері мен жанрлық суреттерді, балалар мен ересектердің әртүрлі техникалық стильдегі шабытты портреттерін баяндайтын жалғызілікті фотосуреттерді қамтыды. Қатысушылар әр номинация аясында "Бір ғана фотосурет" немесе "Серия" санаттары бойынша өтінім тапсырды.

Байқаудың өткен жылғы жүлде қоры әр номинацияда бірінші, екінші және үшінші орын үшін 100, 75 және 50 мың рубльді құрады. Стенин атындағы байқаудың ең жоғары марапаты Гран-при иегері – 700 мың рубль алды. Осылайша, жас фоторепортерлер үшін бұл ресейлік және халықаралық алаңдарда өз жұмыстарын көрсетудің зор мүмкіндігі болды. Ал конкурс лауреаттарының көрме туры оның ажырамас бөлігіне айналды және ол Еуропа, Азия, Латын Америкасы, Африка, Таяу Шығыстағы көптеген қалаларды қамтыды.

Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика конкурсының кураторы әрі "Россия сегодня" ХАА визуалды жобалар қызметінің жетекшісі Оксана Олейник байқаудың әлемдік фотографиялық алаңда маңызы артқанын алға тартады.

"Жеңімпаздардың айтуы бойынша, оған қатысуға кәсіби тұрғыдан өсуді қалайтын барлық жас фоторепортерлер үшін міндетті сияқты. Әлем картасындағы елдердің қатары азайып келеді. Ал біз олардан қызықты тақырыптарды әлі алып үлгермедік. Сондықтан да, бүкіл әлемнің жас әрі кәсіби фотографтарын байқауға қатысуға шақырамыз", – дейді ол.

2018 жылы Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы ресейлік және халықаралық деңгейдегі ірі БАҚ пен ақпарат агенттіктерінің және фотоқоғамдастықтардың қолдауымен өтті. Бірнеше номинацияның серіктестері Біріккен Шанхай медиатобы мен әл-Маядин ТВ жалпыараб ақпараттық холдингі және әлемнің ең ірі гуманитарлық ұйымдарының бірі  – Халықаралық Қызыл крест Комитеті болды.

Конкурс туралы

ЮНЕСКО істері жөніндегі Ресей Федерациясы комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" ХАА ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы Халықаралық фотожурналистика байқауы, қазіргі заманғы фотожурналистиканың маңыздылығына қоғамдық назар аудара отырып, жас фотографтарға қолдау көрсетуді мақсат етеді. Бұл талантты әрі сезімтал жас фотографтарға арналған алаң.

2018 жылы байқаудың қазылар алқасының құрамына жетекші халықаралық ақпарат агенттіктерінің өкілдері кірді. Атап айтқанда, AFP (Франция), Anadolu Ajansi (Түркия), Notimex (Мексика), сондай-ақ әлемге әйгілі фотографтар мен танымал фоторедакторлар болды. Қазылар алқасын Anadolu Ajansi агенттігі фотоқызметінің жетекшісі Ахмет Сел басқарды.

Жаңалықтар
0