Өңірлер

Таразда күйеуіне сәлем-сауқат жіберген әйел 20 жылға сотталуы мүмкін

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТергеу абақтысы, архивтегі фото
Тергеу абақтысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Сотталушының әйелі еттің майына жасырылған есірткіні түрмеге кіргізуге тырысқан

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Таразда ЖД-158/2 колониясының қызметкерлері жеке заттарды тексеру кезінде азық-түліктен есірткі тауып алды. Бұл туралы ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Марихуана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстан шекарасында денесіне есірткі жасырған ресейлік ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, сотталушылардың бірінің әйелі есірткі затын (гашиш) алты орамаға түйіп, еттің майына жасырған.   

Контрабанданың жалпы салмағы 20 грамға жуықтайды.

Оқиға мереке күндері болған. Қазіргі уақытта аталған факті негізінде 297-бап (ірі көлемде есірткі заттарын, олардың балама түрлерін заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, жіберу немесе сату мақсатында тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұдан бұрын Қостанай облысында осыған ұқсас оқиға болған еді, ол кезде сотталған адамға әкелінген пластмасса ыдыстағы балдан 33 грамм гашиш табылған.

 


Жаңалықтар
0