Әлем

Мейрамханаға келген қонақ тағамнан ерекше "тосынсый" тауып алды

© Photo : РixabayМейрамхана, архивтегі фото
Мейрамхана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Табылған зат мыңдаған долларға тұруы мүмкін, бірақ иесі оның нақты бағасын білгісі де келмейді

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. АҚШ тұрғыны Рик Энтош Манхэттендегі барлардың бірінде ұлуға (устрица) тапсырыс беріп, ішінен інжу тауып алды.

Ер адам ұлуды аузына сала бергенде, тағамда оғаш бір нәрсенің бар екенін сезіп қалған.

Ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ер адамның аяқ астынан байып кетуіне автобустан кешігуі себеп болды

"Шайнай қойған жоқ едім, бірақ бірдеңе дұрыс емес секілді көрінді. Пломбам түсіп қалды немесе тісімнің бір бөлігі сынып кетті деп ойладым", — дейді америкалық. 

Алайда оның аузындағы қара дақтары бар інжу болып шыққан. Даяшылар бұл шынымен де інжу екенін растаған.

Мекеменің аспазшыларының бірі 28 жыл жұмыс істеп, мұндайды тек екінші рет көріп отырғанын атап өтті, деп хабарлады Сегодня. 

Інжу мыңдаған долларға тұруы мүмкін, бірақ ол оның нақты бағасын білгісі келмейді, өйткені сатуды жоспарлап отырған жоқ. Ер адам оны бойтұмар ретінде ұстайтынын айтты. 


Жаңалықтар
0