Спорт

Илья Ильин Токио олимпиадасына жолдама алу үшін бақ сынайды

© Sputnik / Владислав ВодневИльи Ильина
Ильи Ильина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Катарда өтетін халықаралық кубокке қатысушылар тізіміне Қазақстаннан тоғыз спортшы ілікті, олардың ішінде Илья Ильин де бар

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық Илья Ильин ауыр атлетикадан Катарда өтетін лицензиялық турнирге қатысушылар тізіміне енді. Жоғары нәтиже көрсеткен жағдайда спортшылар Токиода өтетін олимпиадаға лицензия ұтып алады.

Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Әдемі аяқтағым келеді": Илья Ильин карьерасы туралы бар шындықты айтты
Ұлттық олимпиада комитеті лицензиялық турнирдің 19 желтоқсан күні өтетінін айтады. Катардағы халықаралық кубок жаңа олимпиада салмақ дәрежелері бойынша өтеді.

Қазақстаннан тізімге тоғыз ауыр атлетші ілікті: Арли Чонтей (61 килограммға дейін), Игорь Сон (61 килограммға дейін), Фархад Харки (67 килограммға дейін), Нижат Рахимов (73 килограммға дейін), Айдар Казов (81 килограммға дейін), Рустем Сыбай (96 килограммға дейін), Илья Ильин (109 килограммға дейін), Карина Горичева (64 килограммға дейін) және Раушан Мешитханова (87 килограммға дейін).

Илья Ильин карьерасын Токиода алтын медаль алып барып аяқтағысы келетінін айтты. Осы жылдың қараша айында омыртқа жарақатына байланысты Түрікменстандағы әлем чемпионатына қатыса алмады. Дәрігерлер танымал спортшыға жаттығуларды азайтуға кеңес берді.

Илья Ильин берген сұхбатында карьерасын аяқтағаннан кейін жұмыс істей жүріп ағылшын тілін білу деңгейін жақсартқысы келетінін айтқан еді.

Тағы оқыңыз:

Қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильин допинг сынамалары оң нәтиже көрсеткендіктен, Пекин мен Лондон олимпиадасынан алған медальдарынан айырылды. Спорттан шеттетілгеннен кейін биыл қыркүйек айында алғаш Қазақстан чемпионатына қатысып, үздік нәтиже көрсетті.

Жаңалықтар
0