Қоғам

Қазақстанда көлік иелері алаяқтықтың жаңа түрінен қорқып отыр

© Sputnik / Владислав ВодневАвтокөлік
Автокөлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автокөлік жүргізушілері "ереже бұзушылықтың суретін полицияға тапсырамын" деп жазылған хат ала бастады

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Жүргізушілердің ереже бұзғанын фото және видеоға түсірген белсенді азаматтарға ақы төленеді деген жаңалықтан кейін алаяқтар бопсалауға кірісті.

Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қасымов қылмыскерді ұстап берген тұрғындарға ақша төлемек

Автокөлік иелерінің бірі әлеуметтік желілерде бопсалаушының хатын жариялады. Атап айтқанда, белгісіз біреу жүргізушінің ереже бұзған сәтін түсіріп алғанын алға тартып, одан ақша талап еткен, төлемесең "фотоны полицияға жіберемін" деп қорқытқан.

Хаттың фотосына Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина-Костерева түсініктеме берді.

"Автокөлік иелерінің назарына! Егер сіз осындай заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, ішкі істер органдарына хабарласуыңыз қажет", — деп кеңес берді ІІМ өкілі.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов құқық бұзушылық туралы фотосуреттер мен видеожазбалар жіберген қазақстандықтарға ақы төленетінін мәлімдеген болатын. "Сыйақының" мөлшері айыппұлдың 40%-ын құрайды.

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінде бағдарлама әзірленіп жатыр, оған сәйкес айыппұлдың 50% мемлекетке, 40% құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамға, 10% бағдарламаны әзірлеушіге кетеді.

Мұндай тәжірибе Канада, АҚШ және Австралияда бар. 


Жаңалықтар
0