Оқиға

Түркістан облысында ерлі-зайыпты мен олардың баласының мәйіті табылды

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем, архивтегі фото
Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша олар жылыту қазандығының ақауы салдарынан уланып қалған

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Түркістан облысында бір отбасы газдан уланып, үш адам көз жұмды. 

Сарығаш ауданындағы ауылдардың бірінде 18 желтоқсан күні кешкі сағат 21:05-те үш адамның мәйіті табылды. Олар 1960 жылы туған отағасы, 1961 жылы туған жұбайы мен 1989 жылы туған ұлы болып шыққан, деп хабарлады almaty.tv. 

Жолдағы белгі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Атырау-Орал тасжолында бір отбасы қаза болды

"Алдын ала мәлімет бойынша табиғи газбен жанатын жылыту қазандығының ақауы салдарынан уланып қалған. Осындай трагедияның алдын алу үшін ТЖД қызметкерлері күнделікті   үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Әрбір үйге, тұрғынға  жылыту маусымында уланып қалмау үшін не істеу керегін айтып жатыр. Улы газ таралмау үшін бірінші кезекте әр 2-3 ай сайын мұржаларды тазалау керек", – дейді Түркістан облыстық ТЖД аға инженері Руслан Ордабек.

Мереке күндері Шымкент қаласының 36 жастағы тағы бір тұрғыны газдан уланып көз жұмған. Оқыс жағдай Мақтарал ауданында да болған. Абырой болғанда, 15 желтоқсанда түтін шыққан үйдің тұрғындары аман қалған. Тек 2003 жылғы қыз бала ауруханаға жеткізіліпті.


Жаңалықтар
0