19 желтоқсанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
19 желтоқсанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:
Бүгін әлемде Халықаралық кедейлерге көмек көрсету күні аталып өтеді. Нағыз кедейлік деп қаржының, лайықты жұмыс пен жайлы тұрғын үйдің, сапалы білім және медициналық көмек алу мүмкіндігінің жоқтығын айтады. Көптеген мемлекеттік, діни және жеке қайырымдылық ұйымы кедейшілікпен және аштықпен тұрақты күрес жүргізіп келеді.
Кедейлік проблемасы жүйелі жоспарлар әзірлеуді талап етті, өйткені ол уақытта әлемдегі халықтың төрттен бір бөлігі қайыршылықта өмір сүретін еді. Уақыт өте келе, көптеген ел өз экономикасын көтеріп, жарлы-жақыбайдың санын азайтты. Бірақ бұл мәселенің шешімі әлі күнге дейін табылған жоқ. 19 желтоқсан күні Халықаралық кедейлерге көмек көрсету күні көптеген елде түрлі семинарлар, форумдар мен акциялар өтеді, оның мақсаты – кедейлік проблемасын кешуге жұртшылықтың назарын аудару.
Бүгін – линолеумның туған күні. Бұл төзімді, берік әрі қарапайым еден жабыны екенін екінің бірі білсек керек. "Линолеум" атауы латынның екі сөзінен – "зығыр, жіп немесе жайма мата" дегенді білдіретін "linum" және "зәйтүн немесе өсімдік майы" деп аударылатын "oleum" сөзінен жасалған.
1863 жылы 19 желтоқсанда британдық өнертапқыш Фредерик Эдвард Уолтон линоксин негізіндегі еден жабынын өндірудің жетілдірілген әдісіне патент алды. 1866 жылы линолеумды өнеркәсіптік өндіру басталды.
Сондай-ақ бүгін ерекше мереке – Саусақтарды айқастыру күні. Мұны жасау өте оңай – саусақтарыңызды айқастырып, тілек тілейсіз. Сиқырлы әрекет сәттілік әкеліп жатса таңғалмаңыз. Тек өзіңізге өте қажетті нәрсені тілеуіңіз керек.
Базбіреулер арманын жүзеге асыру үшін бір нәрседен жыл бойы қауіптеніп жүруі мүмкін. Осы күдік кішкене болса да, шешуші қадам жасауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан біз бүгін сіз үшін саусағымызды бірге айқастырамыз! Қане, тілек тілеңіз! Міндетті түрде орындалады.
19 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар:
1863 жылы Англияда линолеум патенттелді;
1939 жылы КСРО-да Т-34 кеңестік орта танкі қарулы күштерге қабылданды;
1945 жылы Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты құрылды;
1997 жылы "Титаник" фильмінің премьерасы өтті;
19 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1997 жылы Түркия астанасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтті;
2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданының Бескөл аудан орталығында жаңа мешіт салтанатты түрде ашылды.
19 желтоқсанда дүниеге келген танымал тұлғалар:
1852 жылы америкалық физик, Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Майкельсон дүниеге келді;
1906 жылы кеңестік мемлекет және партия қайраткері Леонид Брежнев дүниеге келді, 1964 жылдан 1982 жылға дейін, 18 жыл бойы Кеңес Одағында басшылық қызмет атқарды;
1915 жылы француз әншісі және актриса Эдит Пиаф дүниеге келді;
1933 жылы кеңестік театр және кино актрисасы, театр режиссері, педагог Галина Волчек дүниеге келді. РСФСР еңбек сіңірген әртісі (1969). РСФСР халық әртісі (1979). КСРО халық әртісі (1989). Ресей Федерациясының Еңбек Ері (2017);
1975 жылы Uma2rman тобының жетекшісі Владимир Кристовский дүниеге келді.
19 желтоқсанда Қазақстанда кім дүниеге келді:
1899 жылы қазақ тілі білімінің негізін қалаушылардың бірі, түркітанушы, педагог-ағартушы, профессор Құдайберген Жұбанов дүниеге келді.
1920 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры (1943) Төлеген Тоқтаров дүниеге келді.
1962 жылы ҚР инвестиция және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Торпақ белгісінде орналасады. Кәсіби деңгейіңізді көтеруге қолайлы уақыт, шеберлік сабағына, конференцияға қатысыңыз немесе жай ғана осы саладағы едәуір тәжірибелі адамдармен сөйлесіңіз. Бүгін барлық бастамаңыз сәтті болмақ, мүмкіндікті мүлт жіберіп алмаңыз. Қызметіңіз жоғарылайтын немесе жалақыңыз көбейетін күн алыс емес.