Өңірлер

Ақтауда үйден адамның сүйектері табылды

© Sputnik / Тимур БатыршинҮй
Үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ПИК жұмысшылары бірден полицияға хабар береді

АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда пәтер иелері кооперативінің жұмысшылары үйдің жертөлесінен адамның сүйектерін тапты, деп хабарлайды Lada.kz.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ер адам елу жыл бұрын жоғалып кеткен әкесін үйінің жертөлесінен тапты
Оқиға 12 желтоқсан күні шамамен таңғы сағат 08:00-де болған. "Ғалия" пәтер иелері кооперативінің жұмысшылары 7-ші шағын аудандағы №8 үйдің жертөлесін тазалап жатып, адамның сүйектерін тауып алған. Олар бірден оқиға орнына полиция шақырады. 

Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл жайтқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. 

Еске сала кетсек, Ақтауда шілде айында қоқыс контейнерінен ер адамның денесі табылған еді. Сондай-ақ, үйлердің бірінен 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған болатын.

Жаңалықтар
0