Мәдениет

Самал Еслямова түскен фильм "Оскар" жүлдесінің шорт-парағына ілікті

© REUTERS / STEPHANE MAHEСамал Еслямова
Самал Еслямова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тізімде, сондай-ақ, Германия, Дания, Колумбия, Ливан, Мексика, Польша, Оңтүстік Корея және Жапонияның кинокартиналары бар

АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Басты рөлде қазақстандық актриса Самал Еслямова ойнаған "Айка" картинасы "Үздік шетелдік фильм" номинациясында "Оскар" жүлдесініің шорт-парағына енді, делінген киножүлденің сайтында. 

Режиссер Сергей Дворцевой мен актриса Самал Еслямова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Айка" фильмі Норвегиядағы кинофестивальде жеңімпаз атанды
Комиссия сарапшылары лонг-парақта ұсынылған 87 картинаның ішінен тоғыз фильмді іріктеп алды. 

"Айка" фильмі Қазақстан атынан ұсынылған, ТМД елдерінен басқа үміткерлер жоқ. Атап айтсақ, ресейлік режиссер Константин Хабенскийдің "Собибор" драмасы қысқа тізімге енбеген. 

"Айканың" бесекелестері – "Кінәлі" (Дания), "Ешқашан артыңа қарайлама" (Германия), "Рома" (Мексика), "Өртенген" (Оңтүстік Корея), "Жыл құстары" (Колумбия), "Дүкен ұрылары" (Жапония), "Капернаум" (Ливан), "Суық соғыс" (Польша).

"Оскар" жүлдесін табыстау салтанаты 2019 жылдың 24 ақпанында өтеді.  АҚШ киноакадемиясының марапатына үміткер бес номинант 22 қаңтарда жарияланбақ. 

"Айка" кинокартинасы – Қырғызстаннан Мәскеуге күнкөріс қамымен келген  мигрант қыздың ауыр тағдыры жайлы.

Жаңалықтар
0