Қоғам

Ғалымдар: веган болу — балалар үшін аса қауіпті

© Photo : CC0Ет
Ет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандардың айтуынша, B12 дәруменінің аздығы жүйке ауруларына шалдықтырады

АСТАНА, 17 желтоқсан — Sputnik. Ұлыбританияда орналасқан Кардифф университетінің ғалымдары веган болудың неліктен балалар денсаулығына зиян екенін түсіндірді. Мамандардың айтуынша, балалар екі жасқа дейін қажетті мөлшерде жануарлар майы және ақуызымен қамтылуы тиіс. Сондай-ақ, енді жетіліп жатқан ағза өзіне қажеттіні өсімдіктерден таба алмауы мүмкін. Бұл туралы Science Alert басылымы жазды. 

Кофе - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар кофенің тағы бір пайдасын анықтады
Алғашқы алты аптада сәбилер өзіне қажеттіні ана сүтінен алады. Алайда осы мерзімнен кейін олардың ағзасы жануарлар майы және ақуызымен, көкөніс және жемістермен қамтылуы тиіс. Сондай-ақ, балалар күнделікті асқа жұмыртқа жеп, сүт ішуі керек.

Мамандардың айтуынша, шектен тыс веган болу балалардың денсаулығына үлкен кері әсерін тигізеді. Себебі, осының салдарынан олардың ағзасына қажетті заттар жетіспеушілігі пайда болуы мүмкін.

Мысалы, ағзаға темір жетіспеген жағдайда қан аздық, ал B12 дәруменінің аздығы жүйке ауруларына шалдықтырады. Нидерландыда жасөспірімдерге жүргізілген зерттеулер нәтижесінде веган болғандардың ағзасына минералды заттар жетіспейтіні және 6-18 айлықтарында бойы дұрыс өспегені белгілі болды. 

Жаңалықтар
0